Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Есімін де дұрыс білмейді: Ақтөбеде екі аяғынан айырылған азаматтың туыстары іздестіріліп жатыр

Ақтөбелік дәрігерлер екі айдан бері облыстық жедел жәрдем ауруханасында жатқан жігіттің туыстарын іздейді. Екі аяғынан айрылған 30 жастағы азаматты ешкім іздеп келмепті. Ол өзінің тегі тұрмақ, есімін де дұрыс білмейді. Есі кіресілі-шығасылы ер азамат әр кезде аты-жөнін әртүрлі айтатын көрінеді. 

Есімін де дұрыс білмейді: Ақтөбеде екі аяғынан айырылған азаматтың туыстары іздестіріліп жатыр

Жас жігіт көп сөйлемейді. Жанындағылар да оның әңгімеме шорқақ екенін айтып отыр. Дәрігерлер есі кіресілі-шығасылы, дейді. Бір әңгіменің арасында Тимурмын, жасым 30-да деген. Алайда, қолында еш құжаты жоқ. Дәрігерлер тек жігіттің айтуы бойынша оны Тимур Бахитов деп біледі, деп хабарлайды «Еуразия бірінші арнасы».

«Ешкім іздемейді, келмейді. Осы уақытқа дейін ешкім келген жоқ. Өзі есін дұрыс білмейді. Жауап бермейді сұраққа. Егер де бұл адам туралы білетіндер болса, бізге хабарласуын сұраймыз», - дейді облыстық жедел жәрдем ауруханасының бас мейірбикесі Салтанат Рахметова.

Өзін Ғұбайдулланың ұлы Тимурмын деуден танбаған жігіт жедел жәрдем ауруханасына өткен жылдың желтоқсанында түскен. Үсіп кеткен аяғын тізеден төмен кесуге тура келіпті. Дәрігерлер жігіттің тегі ұқсас адамдарды іздестіре келе, Бахитов деген азаматтың бұрын Жем қаласындағы колонияда жазасын өтегінін білген. Алайда, оның барлығын әлі құзырлы органдар нақтылауы тиіс екен. Жігіттің өзінен сұрағанымызда, ол қай жақта туғанын да, немен айналысқанын да есіне түсіре алмады.

Егер жуық арада туыстары табылмаса, ол мүгедектер үйіне жіберіледі. Дәрігерлер қазір қажетті құжаттардың дайындалып жатқанын айтады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр