Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Есімі қате жазылып Қытайға қайта жаздаған қандасымыз күйеуінің қасында қалатын болды

Сарагүл Нәбибектің есімін Шалагүл деп қате жазып, соның кесірінен ықтияр хат ала алмай, Қытайға қайтып кете жаздаған қандасымыз ақыры күйеуінің қасында қалатын болды. Айта кетсек, Ақмола облысы Зеренді ауданының көші-қон полициясының қызметкерлері азаматшаның атын жазуда әріптік қате жібергендерімен қоймай, заңсыз жүрсіз деп отыз мың теңге айыппұл арқалатып, елден кетуін талап еткен. “31 арна” тілшілерінің араласуымен, бұл мәселе шешімін тапты.

nabibek

Осыдан төрт ай бұрын көз жасын тия алмаған Сарагүл “31 арнаға” жүгінген болатын. Қазақстан азаматына тұрмысқа шыққаннан соң, Қытай мен Қазақстанның екі арасында жүріп, құжат жинауға кіріседі. Қажетті құжаттарды жинап, Зеренді ауданындағы көші-қон полициясына барғанымда, ондағылар рәсімдеудің орнына заңсыз жүрсіз деп, айыппұл салып, елден кетуімді талап етті деген еді. Айтуынша, мемлекеттік тілде қызмет көрсетуін өтінгеніне қарамастан, қызметкерлер құжаттарды орыс тілінде толтырып әрі аты-жөнін Сарагүл Нәбибек емес, Шалагүл Нәбибиек деп қате толтырған. Осыншама қиындыққа тап болған Сарагүл Нәбибекке енді 15 күннің ішінде Қазақстанда тұрақты тұру жөнінде ықтияр хат берілетін болады. Құжаттың әуресімен күйеуінен ажырап қала жаздаған қандасымыз алғысын білдіруде

«Екі жарым жылдай документімді ала алмай, менің бармаған жерім, баспаған жерім жоқ. Алғысым шексіз», – дейді Зеренді ауданының тұрғыны Сарагүл Нәбибек.

Мәселе эфирден көрсетілген соң, бұл іспен Ақмола облысының прокуратура қызметкерлері айналысқан болатын.

«Талаптар бұзыла отырып толтырылғаны анықталып, сотқа шағымдану жөнінде көмек көрсетілді. Нәтижесінде аталған хаттаманың күші жойылып, осы Қазақстанда тұрақты тұруына байланысты барлық құжаттар жиналып, арнайы құзырлы органдарға тапсырылды», – дейді Ақмола облысы прокуратурасының ресми өкілі Ақбұлан Әлжанов.

Прокуратура мамандары ықтияр хат қолға тиген соң, бес жылдан кейін Сарагүл азаматтық алатын болады дейді. Ал қандасымыз елімізге келген оралмандар үшін құжат рәсімдеуге көмектесетін орталықтар жұмыс істесе екен дейді.

Жіберіп алмаңыз:

Екі көзі көрмейтін орыс қызы қазақ әндерін жатқа айтып таңғалдыруда

Халыққа қызмет көрсету орталығында тағы бір адам қайтыс болды (видео)

Қаскелеңде баласынан айырылған ата-ана тергеушілерге ашулы

Депутат тіркеу орнында көз жұмған ер адам жайлы: Ол осындай күйімен үйінде де қайтыс болуы мүмкін еді

Талқылау