Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Есілде шомылып жүрген 18 жастағы Астана тұрғыны суға кетті

Қайғылы оқиға Мектеп ауылында болды. Жеткіншекті өзен ағысы әкеткен. Қазір төтенше жағдай қызметкерлері, жедел-құтқару мамандары мен тәртіп сақшылары іздеу жұмыстарын жүргізуде.

photo_17840

Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

Үш тәулік ішінде олар 15 шақырымдай жерді тінтіп шықты. Әзірге еш нәтиже жоқ. Жалпы биыл солтүстікте суға кеткендердің қатары көбейген. Жыл басынан бері теріскейде 11 адам тілсіз жаудың құрбаны болды.

– “Оқиға ата-анасының көз алдында болған. Әкесі көмектеспек болыпты. Бірақ өзеннің қатты ағысының салдарынан оны құтқарып алу мүмкін болмады. Биыл барлық қоймаларда су жылдағыдан көп. Сондықтан шомылу кезінде барлық ережелерді сақтап, абай болғанымыз жөн”, – дейді Оның бесеуі бала. Виктор Держанский, облыстық ІІД жедел-құтқару отряды жетекшісінің орынбасары.

Жіберіп алмаңыз:

Өскеменде Ертіс өзенінің жағасында тұрып селфи жасамақ болған жасөспірім суға кетті

Өз үйлену тойында қалыңдық суға батып кетті

Талқылау