Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Есікті қағып, сантехник екенін айтқан: Елордада педофил 9 жасар қызды үйінде зорлап кетті

Елодада 9 жасар қыз педофилдің құрбанына айналды. Оқиға тапа-тал түсте оқушының өз үйінде болыпты. Қаскүнем сабақтан шыққан жасөспірімнің ізіне түсіп, пәтеріне дейін аңдып барған. Ол арам ойын жүзеге асыру үшін түрлі қитұрқы әрекеттерге жүгініпті.

 

Қаршадай қызға айуандық жасаған адамға сот қандай жаза кесті? Жалпы қылмыс қалай жасалған? Бұл туралы Евразия хабарлайды.

Қаршадай қызды зорлады деп айыпталған ер адам 52 жаста. Отбасылы әрі орта кәсіби білім алған. Сотталғанға дейін кран жүргізушісі болып жұмыс істепті. 2006 жылы дәл осындай қылмыс жасап, түрмеге түскен екен. 2018 жылдың күзінде жазасын өтеп шыққан ол, екі ай өтпей жатып бұрынғы әдетіне қайта басқан. Аңдып жүріп, мектеп оқушысын зорлаған. Қылмысы толық дәледенген сот оны 17 жылға бас бостандығынан айырды. 

«Сот Қазақастан Республикасы Қылмыстық кодексінің баптарына сүйене отырып үкім шығарды. Нұрмағанбетов Қайрат Ахметжанұлы ҚР Қылмыстық кодексінің  121 бабының 4-тармағы бойынша қылмыс жасағаны үшін айыпты деп табылсын. Оған 17 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын!», - деді қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Қажымұқан Мекемтас.

Судья атап өткендей, қаскөй шала мас күйде қыздың соңынан үйіне дейін еріп барған. Есік ашылған соң, ішке бірге еніп 9-қабатқа көтерілген. Үйде кім бар екенін білу үшін, қоңырауды басқан. Есік ашқан қыздың анасын көрген ол, пәтерді шатастырып алғанын айтып, 8-қабатқа түскен. Әйел жұмысқа кеткен соң, есікті қайта қағыр,  жеткіншекке өзін сантехникпін, құбырларды жөндеу керекпін деп айтқан. Осылай пәтерге кірген ол, арам ойын жүзеге асырып, тайпы тұрған. Кінәсі толық дәледенсе де, алайда, сотта кінәсін мойындамайтынын айтты. 

«Мен бәрін мұқият тыңдадым. Бірақ, үкіммен келіспеймін. Өткен сотта маған тағылған айыптарды мойындамайтынымды айтқанмын. Көптеген дәлелдер үйлеспейді. Осы жолы әділ шешімге үміттенген едім».

Ал, жәбірленуші тараптың адвокатының айтуынша, қылмыскердің құрбаны болған қыз жақын тболғандықтан үйінен мектепк ежаян барып жүрген. Қазіргі таңда жағдайы тұрақты болғанмен, қатты шошып қалған. "Сондықтан, психологтардың көмегіне әлі де мұқтаж" дейді қорғаушысы. 

"Қазіргі таңда жасөспірім мектепке барып, сабағын оқып жүр. Бірақ, психологический әрине зардап келді оған. Өйткені, енді жасы келген адам осындай сексуалдық іс-әрекет жасағаннан кейін кез келген адамның миында қалып кететін нәрсе», - дейді адвокаты.

Бұл жолы сот үкімі тек 17 жылға түрмеге қамаумен ғана шектелді. Қылмыскерге химиялық кастрация жасау туралы үкім шыққан жоқ. Себебі, сот эксперттері сараптамаларынан соң сотталушының кастрацияға қарсы көрсеткіштері бар екені анықталған.

"Эксперттер жаңағы өздері сөйлеседі анализ, беседа істейді. Соның бәрін істеп, бұдан кейін ол қылмыс тағы да істей ме, істемей ме деген сияқты олардың психологический системасын анықтап, сондай шешімге келді. Химиялық кастрация қолдануға болмайды деп. Бұндай адамға химиялық кастрация қолдану керек еді", дейді жәбірленушінің адвокаты Нұрлан Пернебеков.

Химиялық кастрация демекші, елімізде кәмелетке толмағандарға азғындық жасаған 88 педофилді піштіру үшін биыл бюджеттен қаржы бөлініпті. Бұл жайлы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Ал, былтыр сот шешімімен екі сотталушыға кастрация тағайындалған. Бірақ, әлі ешқайсыны жасалмапты. Қылмыскерлер Жамбыл және Павлодар облысытарындағы түрмелерде жазасын өтеп жатыр екен. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау