Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Топ жігіт зорланған қыз оқиғаның қалай болғанын айтып берді

Есік қаласының тұрғыны Жібекті 14 тамызға қараған түні төрт жігіт зорлап кеткен еді. Жантүршігерлік оқиғадан аман-есен үйіне оралған жәбірленуші қазір күйзелісте. Алайда, Жібек те, оның туыстары да «әділетсіздікке жол бермейміз», «кінәлілер жазасын алсын» деп отыр.

trauma-silence
Бұл туралы “Время” басылымы жазған.

Ол күні Жібектің туыстары кафеде бас қосып, отырыс өткізген еді. Кеш соңында кафеде Жібек пен ағасы ғана қалған. Төрт жігіт пен екі қыз себепсізден-себепсіз оларға тиіскен екен. Екі жігіт Жібектің ағасын соққыға жықса, қалған екеуі қызды көлікке күштеп отырғызған. Жібекті  қараңғы жерге алып барған қылмыскерлер оны зорлап кеткен. Оқиғадан хабардар болған Жібектің туыстары тез арада іздеу жұмыстарын жүргізіп, кінәлілерді қолға түсіріпті. Туыстарының арқасында болар, Жібек бүгінде дін аман.

«Кафеде ағам екеуміз қалғанда, оң жағымызда төрт жігіт пен екі қыз отырды. Әлгі қыздар ағамның намысына тиетін сөздер айта бастады. Одан кейін ағам екеуміз сыртқа шықтық. Сол сәтте артымыздан екі жігіт ілесіп шықты. Біреуі менімен танысуға ниет білдірді, қарсылық білдірдім. Ағам да менің сөзімді сөйледі. Осымен оқиға аяқталған шығар деп ойладық. Екеуміздің сыртқа шыққанымыз  сол еді, әлгі қыздар қайтадан сөйлей бастады. «Баршы ары!» – деп едім, жұдырығын ала жүгірді. Сол сәтте көлік те келді. Екі жігіт ағамды соққыға жығып, қалған екеуі мені көлікке күштеп отырғызды. Ағамды ұрған екеуі көлікке отырған соң, есікті құлыптап тастады. Мен жіпсіз байлаулы қалдым. Артқы орында екі жігіттің ортасында отырдым. Олар мені қараңғы бір жерге алып барды. «Тауып аламын, үстілеріңнен арыз жазамын» дедім. Құлақ аспады», – деді жәбірленуші.

Әрі қарай қаныпезерлер қызды шешіндіріп, қарсыласқаны үшін бір-ақ ұрған. Жібек алдымен біреуінің, кейіннен екіншісінің зорлағаны есінде екенін,  одан кейін ес-түссіз қалғандықтан, не болғанын білмейтінін айтты.

«Есімді жиғанда олар менің тағдырымды шешіп жатты. Өлтіретін шығар дедім. Алайда сол сәтте көліктің есігі ашылды. Ағамды көрдім. Есірігім ұстағандықтан, әрі қарай болған оқиғалар еміс-еміс есімде. Олардың екеуі ұсталып, екеуі қашып кетіпті. Бізполицияға арыз бердік. Ал ол сәтте қылмыскерлер мемлекеттік мекемеде еркін жүрді», – деп налыды жәбірленуші.

Әрі қарай тергеуші Жібекті сұрақтың астына алып, құдды бір ол қылмыс жасағандай дөрекілік танытыпты. Жәбірленушінің пікірінше, қылмыскерлердің құқық қорғау органдарында таныстары бар. Жалпы Есік кішкентай қала болғандықтан, онда адамдардың бәрі бір-бірін таниды екен. Тіпті, зорлыққа барған жігіттердің Жібекпен ортақ таныстары бар болып шыққан. Кейіннен Жібектің ағасына хабарласып, кешірім сұраған жігіттер оларға қоқан-лоққы көрсеткен. Арызын қайтарып алмаса, отбасына қастандық жасайтындарын айтыпты.

Сорақысы да сол, қыздың туыстары кінәлілер лайықты жазасыз қала ма деп қорқып отыр. Оған бір себеп – сот-медициналық сараптама Жібектің тек соққыға жығылған орындарын тексерген, жұғындық алмаған. Бұл процесс перзентханада жүзеге асыпты. Ал негізінде бұл істі сот-медициналық сараптама жүргізуі тиіс екен. Жібектің айтуынша, кінәлілер қазір босатылған.

«Неліктен бұлай болғанын білмеймін. Расымен де бәрін ақша шеше ме? Олар жазаланбайды ма? Істің ақ-қарасы анықталып, олар лайықты түрде жазаланады деп үміттенемін. Мұндай жағдай Есікте жиі орын алады. Тек жәбірленген қыздар оны айтудан қорқады. Себебі көбінесе кінәні қыздың мойнына іле салады. Зорлаушылар да осыны пайдаланады. Бірақ кім не ойласа да, маған бәрібір. Мен оларды жазалаймын!» – деп түйіндеді сөзін ашынған қыз.

Қазір Жібекті туыстары күні-түні күзетіп отыр. Олар қыздың өмірі үшін алаңдаулы.

 

Жіберіп алмаңыз: 

Куәгер: Есікте топ болып қыз зорлағандардың бірі ірі шенеуніктің күйеу баласы болуы мүмкін (видео)

Ақтаулық 6 жасар қызды зорлағанды табуға көмектескенге 100 мың теңге бермек

Ақтауда алты жасар қызды зорлаған болуы мүмкін деген адамның видеосы табылды (видео)

БҚО-да 10 жасар қызды зорлаған сотталушы түрменің дәретханасында асылып қалған

 

 

Талқылау