Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Есікте Жібек Мусинованы жабылып зорлаған күдіктілерге қатысты дәйектер жоғалып кеткен

Түрмеде болмаса да, тәртіп сақшыларының тура тұмсығының астында зорланған тағы бір келіншек тергеудің әділ жүріп жатқанына күмән келтірді. Айтуынша, «қыз зорлады» деп ұсталған 4 күдіктіге қатысты бірқатар дәйектер жоғалып кеткен. Тергеушілер тіпті оларды арнайы сараптамадан өткізбепті, – деп хабарлайды КТК арнасы.

27532

Фото: Exclusive.kz

Жәбір көрген келіншек мұны жауаптан жалтарудың амалы дейді. Яғни, адам ұрлау, қыз зорлау, бұзақылық және күш қолдану баптары бойыша тергеліп жатқан жігіттерге тәртіп сақшылары көмектеспекші деген ойда. Алматы облысының Есік қаласында осыдан бір ай бұрын төрт жігіт мейрамханадан шыққан Жібек Мусинованы күштеп көлікке мінгізіп, аудандық ішкі істер бөлімінің тура алдында жабылып зорлаған болатын. Сол сәтте-ақ қыздың ағалары екі күдіктіні ұстап, тәртіп сақшыларына тапсырған екен. Алайда полицейлер оларды босатып жіберген. Кейін бұл жайлы ақпарат тараған соң, күдіктілердің барлығы ұсталды. Сонымен қатар, қызметіне салғырт қағаран Еңбекшіқазақ аудандық ішкі істер бөлімінің 4 полицейі жұмыстан қуылды. Десе де, 30 жастағы келіншек тергеу ісінің әділ жүретініне әлі сенбей отыр.

«Қазір де далаға шығуға қорқамын. Адвокатпен кездесу керек болса ағаларым апарып, кері алып келеді. Мені қорлаған адамдар жазадан құтылып кете ме деген қорқыныш бар. Өз-өзіме келе алмадым», – дейді жәбірленуші Жібек Мусинова.

Талқылау