Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Есік жұлып жіберген бойжеткеннің саусағын иті жеп қойды

Ұлыбритания тұрғыны Келли Кейдің қолының саусағы үйдің есігіне қысылып қалып, нәтижесінде оның бір саусағы жұлынып кетті.

Есік жұлып жіберген бойжеткеннің саусағын иті жеп қойды

Бұл туралы Life Daily Star хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Бойжеткеннің саусағы осылайша үзіліп қалғанда, оның асырап жүрген иті жұлынып қалған саусақ бөлігін аузына алып, қашып кеткен. Содан ол қонақ бөлмесіндегі диванның артына жасырынып, саусақты жеп қойған. Осы жағдайды көрген Келлидің тілі байланып, ол не істерін білмей бір орында тұрып қалды.

“Мен бұның қалай болғанын білмеймін. Бірақ есік жабылған кезде менің саусағымды жұлып жіберді. Оны алып үлгермей жатып, итім алдымды олап кетті. Ал, мен жынды адам құсап осы сұмдыққа қарап тұрдым”, – дейді Келли Кей.

Оқыс оқиғадан кейін бойжеткен жедел жәрдем шақырған. Содан дәрігерлер оны қарап шығып, ауруханаға алып кетті. Кейінірек ол жануардың асқазанын тексеру үшін ветеринарға барды. Өкінішке орай, саусақты табу мүмкін болмады. Аяқ асты саусағынан айырылған Келли ақыры пластикалық хирургия жасатып, протезді қойдырды.

Талқылау