Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақырындап жақындай берді: Есік көліне қыдырып барған алматылық отбасы қасқырды жолықтырған (видео)

Алматылық отбасы Есік көліне барған кезде қасқырды жолықтырған. Олар сол кезде бастан кешірген қорқынышты сәт туралы отағасы айтып берді, деп жазады Stan.kz.

Есік көліне қыдырып барған алматылық отбасы қасқырды жолықтырған (видео)

Оқиға өткен жексенбі, 18 қарашада, орын алған. Алматылық отбасы демалысын таза ауада өткізбек болып, Есік көліне барыпты.

«Балалар мұз ойығына түсіп кетпес үшін, оларға қарап жүрдім. Бір кезде «иттің» бізге қарай  ақырындап жүріп келе жатқанын байқадым. Ештеңе болмағандай балаларға қарауды жалғастыра бердім. Алайда «иттің» бізге одан сайын жақындап келе жатқанын көрдім. Сонда ғана жұбайыма бізге қарай ит келе жатқанын айттым. Арада бірнеше секунд өткеннен кейін ол: «Бұл қасқыр!» – деп айқайлап жіберді (әйелім бекерге мал дәрігері емес қой)», – деп жазды Жомарт Жүнісбеков Instagram-парақшасында.

Сонымен қатар ол жыртқышпен бетпе-бет келген отбасы қатты шошығанын айтты.

Ер адамның сөзінше, олар қасқырды суық көзқараспен және тастармен қорқытуға тырысқан. Абырой болғанда, қасқыр ешкімге тиіспеген.

«Балалар мұндай оқиға үшін риза. Ал біз қайран қалдық», – дейді отағасы.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Dr. Zhomart Junusbekov (@doktor.kz)

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау