Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Есік қаласының маңында 56 жастағы әйелді аяусыз ұрып зорлап кеткен

Алматы облысының Есік қаласында 56 жастағы әйелді зорлап кетті. Бұл туралы Facebook желісінің «Зорлау ісіне қарсы ұлттық қозғалыс» #НеМолчиKZ” парақшасында жарияланды.

180948_image_large

Ұйымға 1990 жылғы жігіт хабарласқан. Ол анасының аяусыз соққы алып, өз үйінде зорланғанын айтты. Оқиға Еңбекшіқазақ ауданының Бәйтерек кентінде болған.

«Зорланған әйел қазір Есік қаласындағы емханада жатыр. Оның жағдайы ауыр, дене жарақаттарын алған. Оған көзін қалпына келтіру отасын жасау керек. Сонымен қатар нейрохирургтың кеңесі керек», – делінген хабарламада.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінде істің «Зорлау» бабы бойынша тіркелгенін, қазіргі уақытта күдіктінің жеке тұлғасы анықталғанын хабарлады. Күдіктіні іздеу шарасы жүргізіліп жатыр.


Жіберіп алмаңыз:

Шымкентте 11 айлық сәби тәуіпке көрсеткеннен кейін қалшылдай селкілдеп шетінеп кеткен

Арзан Nokia мен қымбат Vertu. Журналистер қазақстандық министрлердің телефондарын суретке түсіріп алды

Есікте Жібек Мусинованы жабылып зорлаған күдіктілерге қатысты дәйектер жоғалып кеткен

Талқылау