Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ешкім тұрмайтын қалалар мен елдімекендер (фото)

Кезінде құрылысы қарқынды жүріп салынғанымен, бүгінде қаңырап қалған өлі мекендер аз емес. Солардың ішінен төртеуін мысалға келтіреміз.

Бұл туралы National Geographic Россия хабарлайды.

Канбашы.

Солтүстік Қытайдың Ордос округінде орналасқан Канбашы қаласы 300 мың тұрғынға есептелген. Алайда жаһандық дағдарыс қаланың қабырғасын қалаушылардың құтын қашырған. Қалаға инвестиция салған көп адам ақшасын қайта өндіре алмай қалды. Олар енді бос тұрған ғимараттарды жарып жіберіп, ал жер телімдерін сатып ақша алу керек деген пікірде екен. 510-620x385

Сесень қаласы маңы.

Мадрид пен Толедоның арасында орналасқан Сесень қаласында миллирадер Франсиско Эрнандо аса ірі 13 500 пәтерге лайықталған тұрғын үй кешенін салған. 2008 жылы Эрнандо 2000-нан астам пәтерді жоба кредиторларына береді. Бірақ, ауыз судың жетпеуі себепті билік сатылымды тоқтатады. Ең соңында Эрнандо салық төлемегендіктен әрі пара алғандықтан кінәлі болып шығады. Ақыры құрылысты тастай сала, Гвинеяға қашып кетуге мәжбүр болады. 2c33d3267654b5dd415859c2c4dda2bdКиджондон.

Киджондон – Солтүстік Кореяның қаласы. Бұл мемлекеттегі толыққанды жабылған мекен. Аталмыш қаланы тек Оңтүстік Корея жерінен ғана бақылауға болады. Киджондондағы үйлердің барлығы дерлік жасанды, сырт көзге жылтырауық болып салынған. Анда-санда бұл қаладан әскерлерді, құрылысшыларды, терезе жуған әйелдерді байқап қалуға болады. 7ac175da1a5b7cb2228b933ed36b02cf

Киламба.

Халықаралық қытай инвестициялық корпорациясы мүліктік қамтамасыз ету бағытында Луандыдан 30 шақырым қашықтықта Киламба қаласын салған. 750 сегіз қабатты үй 500 мың адамға есептелген. Оларға қызмет көрсететін жүзден астам сауда үйі мен 10 мектеп те жоспарланған. Құрылыс жұмыстарының аяқталғанына қарамастан Киламбада осы күнге дейін бар болғаны 220 пәтер ғана сатылған.

5d2a258f643bbf375897f1c8faf55ce9

Талқылау