Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ешкім көз жасыңа тұрмайды: Тұрмысқа шығуға дайындалып жүрген Айсәуле Бақытбектің жазбасы жұртты алаңдатып қойды

Бірнеше жыл бойы кездесіп жүрген сүйіктісі ерекше ұсыныс жасаған Айсәуле Бақытбек тұрмысқа шығуға дайындалып жүрген еді. Ол тойының тамыз айында өтетінін мәлімдеген. Алайда бойжеткеннің желідегі соңғы жазбасы жұртты алаңдатып қойды, деп жазады Stan.kz.

Айсәуле Бақытбек

Өз жазбасында Айсәуле небәрі 22 жаста екенін және керемет дүниелердің бәрі әлі алда екенін айтқан.

«Бүгін оянып, бір нәрсені түсіндім… Мен менбәрі 22 жастамын. Мен әдемі, ақылды, көңілдімін әрі керемет дүниенің барлығы әлі алды. Айса, қиналып, көз жасыңды төгуды доғар. Ешкім сенің көз жасыңа тұрмайды. Бәрі тамаша болады. Күте тұр.

Тек өзің адалдығыңды сақтап қал. Әлдекімге жағу үшін өз ұстанымдарыңды сатпа. Сен бәрінен артықсың. Жақындарың мұны міндетті түрде бағалайды», – деп жазды Баян Алагөзованың тұңғышы.

Алайда желі қолданушылары Айсәуленің екіұшты жазбасын түсінбей қалды. Олардың дені бойжеткен күйеу жігітімен «айырылысып кетті» деп топшылады.

«Сіз не туралы айтып отырсыз», «Сіздер айырылысып кеткен күннің өзінде, оның сізге тең емес екенін біліңіз. Ренжімеңіз. Сіз одан да жақсы адамға лайықсыз», «Не болып қалды?», «Күйеу жігітіңізбен айырылысып кеттіңіздер ме?», «Уайымдамаңыз, барлық қиындық өтіп кетеді», – деп жазды пікір қалдырушылар.

Естеріңізге сала кетсек, Айсауле Бақытбектің жігіті Шымбұлақ тау шаңғы курортында сүйіктісіне «Менің ханшайымым боласың ба?» деп ерекше ұсыныс жасаған еді. Артынша бойжеткен күйеу жігітін ресми түрде жақындарымен таныстырды.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау