Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еш зиянсыз емдәм ұстауға арналған пайдалы кеңестер

Арықтай бастап, арылған артық салмағыңызға қуанасыз ба? Бірақ аяқ асты пайда болған асқазаныңыздағы қиындық, бас ауруы, мұздай суық қолдарыңызға не істеріңізді білмейсіз бе?

3253_max

Артық салмақтан арылуға бел буғандар арасында ең көп таралған қиындықтар мен олармен күресу жолдарын назарларыңызға ұсынамыз.

Іш қату

Неліктен? Ең басты себептерінің бірі ақуызды көп, жасұнықта аз жеуіңізде жатыр. Немесе тамақты өте аз мөлшерде жейсіз. Калорияның шектен тыс төмендегінің салдарынан дәретханаға барудың еш себебі болмайды.

Не істеу қажет? Егер тағам үлесінің тәуліктік құнарлылығы қалыпты болса, мәзірге көкөністерді де қосыңыз. Күніне жарты килограмм көкөніс тұтыныңыз. Жасұнық ас қорыту процесіне, дәреттің дұрысталуына көмектеседі. Бірақ көкөністердің шикі болу керектігін естен шығармаңыз. Себебі аспаздық өңдеу барысында сәбіз сынды кей көкөністерде гликемиялық индекс артады. Олар ішекке көмектесуі мүмкін, бірақ арықтауды тоқтатады.

Тағы бір кеңес – көп су ішіңіз. Ал ішекке көмектесу үшін түймедақ не жалбыз шайының пайдасы зор.

Бас ауруы

Неліктен? Арықтауға арналған кез-келген емдәмнің салдарынан тағам үлесіндегі көмірсулар мөлшері азаяды. Бұл жағдайда бас ауруы мүмкін. Ол  организміңіздегі қант деңгейінің төмендегені жайлы белгі береді.

Не істеу қажет? Арықтау барысындаға бас ауруының «қауіпсіз» мерзімі тоғыз күнге дейін созылады. Мұнан кейін тәттілермен ауқаттанудан күдер үзген организм жинақталған майларды ыдыратуға кіріседі. Осылайша қантты қажетті деңгейге дейін көтеріп, оған қоса белсенділік пен жұмыс жасау қабілетін арттырады. Сондықтан бір апта төзуіңізге не өзіңіз қабылдап жүрген ауруды басатын дәрі-дәрмектерге жүгінуіңізге болады.

Егер басыңыз ұзақ уақыт бойы ауырып, ауру тез шаршаңқлықпен қатар жүрсе, емдәміңіздің тым ауыр болғаны. Организміңіз үшін калория жетіспеушілігі өте қауіпті. Тез арада тамақтанудың өзге жүйесіне көшіңіз немесе калорияның тәуліктік мөлшерін ұлғайтыңыз.

Шашпен байланысты қиындықтар

Неліктен? Қайызғақ пайда болуы, шаш түсуі, әдетте, тағам үлесіңіздегі майлар, микроэлементтер, дәрумендер мен аминқышқылдар жетіспеушілігін білдіріп, осылайша дабыл қағады.

Не істеу қажет? Ас мәзіріне міндетті түрде балықтан жасалған тағамдарды енгізіңіз. «Балық» майларынан сескенуідің қажеті жоқ. Олар артық салмақтан арылуыңызға кедергі келтірмей-ақ организміңізды қолдайды. Сонымен қатар шаштарыңызға да көмектеседі. Омега-3 қышқылдарын сұлулық дәрумендері деп атауының өзі бекер емес.

Міндетті түрде дәруменді-минералды жиынтық ішуге тырысыңыз. Өкінішке орай, дәрумендер мен микроэлементтер көпшілігімізге, әсіресе емдәм ұстайтындарға жетіспейді. Сондықтан сымбатты болуға ғана емес, денсаулығыңз бен сұлулығыңызды сақтауға да барынша күш салыңыз.

Аяқ-қолдың тоңуы

Неліктен? Организміміздің де өз қулығы бар. Себебі ағзаға калорияның аз мөлшері түскенде, оларды үнеммен жұмсай бастайды. Негізгі қуат қорын тыныс алу, ішкі ағзалар қызметі сынды ең маңызды қажеттіліктерге бағыттайды. Ол қатарға қолдың сыртқы қан тамырлары кірмейді. Сондықтан олар қуат шығынын азайту үшін жиырылады.

Не істеу қажет? Вегетативті жүйенінің жалпы қызметін тиімді етуге тырысу керек. Ол үшін арнайы дәрі-дәрмектер бар. Бірақ адамтамыр, қызғылт семізот, шашыратқы тәрізді табиғи «көмекшілердің» де пайдасы зор. Ал түнде жаужапырақ қосылған шай ішуіңізге болады. Оған қоса спортпен шұғылданғаныңыз жөн. Қалыпқа сай физикалық белсенділіктің қан тамырларды кеңейтетіні дәлелденген. Ал қан тамырларды кеңейтетін әсері бар коньяк сынды ішімдіктерден бас тартқаныңыз абзал. 

Жиі зәр шығару

Неліктен? Егер дұрыс арықтап жатқан болсаңыз, бұрынғыдан да көбірек су ішесіз. Ол өз кезегінде жиі зәр шығаруға мәжбүрлейді. Оған қоса артық салмақтан арылу процесінде организмдегі сұйықтық мөлшері артады. Себебі су – барлық қоректік заттарды ыдырататын өнімінің бірі.

Не істеу қажет? Ештеңе. Бұл табиғи процесс. Жай ғана дәретханаға бару қиындық тудырмайтын жолды қарастырыңыз. Себебі ұзақ уақыт шыдаудың да зияны бар.

Талқылау