Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Есет батырдың ұрпағы өзінің бабасының бірегей суретін тапты

Есет батырдың ұрпағы – блогер және экономист Жандос Темірғали өзінің батыр бабасының суретін тауып алды. Ол кезінде әйгілі Кенесары ханның серігі болған.

4a3f1cf1e9fcfc48c532f09fd1353b6f

Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды.

Есет батырдың жасағы жеңілмейтін жасақ болған. 1847 жылы Кенесары өлгеннен кейін де ол Қоқан, Хиуа хандықтарына және Ресей империясының отрядтарына қарсы жорықтарға шығып, жеңіске жетіп отырды. 1855 жылы ол сұлтан Арслан Жантөриннің отрядын жойып жіберді. Алайда бірнеше сәтсіз жорықтардан соң, Ресей империясы келісімге келу туралы ұсыныс тастайды. Кіші жүздің шекті руының биі оған келісіп, ресми қызмет алады.

Есет батырдың суретін оның ұрпағы Жандос Темірғалиға Мәскеуде мұрағаттан тапқан танысы салып жіберген. Фотосурет киіз үй ішінде түсірілген. Би молдас құрып отыр. Оны 1859 жылы 29 наурызда қаруын тастап, келісімге келген соң қазақ билерінің делегациясы қатарында Санкт-Петербургке Александр II қабылдауына шақырған.

“Дала жолында даңқты батыр, кіші жүз қазақтарын бастаған жаужүрек Есет Көтібарұлымен кездесіп қалдым. Оның атлеттер секілді дене тұрқы, айбатты келбеті, мығым күші, тіпті Европалықтардың өзін тәнті етер еді”, – деп жазады Ресей империясы Азия департаментінің басшысы Егор Ковалевский.

Бір қызығы, Жандос Темірғали де атасына қатты ұқсайды. Жандос өзі Америкада оқып келген. Қазір сауда компаниясын басқарады.

Талқылау