Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Есентайпродакшн “КешYOU”-дың жаңа құрамы тәжірибесіз болғандықтан жоспарларын өзгертті

Қазақстандық белгілі продюсер Баян Есентаева осыған дейін “KeshYou” тобының он жылдық мерейтойына арнап мюзикл үлгісіндегі фильм түсірілетіндігі туралы айтқан болатын. Алайда бұл жоспарлары жүзеге аспай қалды. Мұның себебін   Stan.kz тілшісі сұрап көрген еді.

1

Көптен бері қолға алынған фильмнің не себепті түсірілмейтіндігі туралы сұрағанымызда: «Фильмнің сценарийі Жанар, Айдана, Кәмшат есімді қыздардан тұратын “Алтын құрам” қыздарына  арналып жазылғандықтан, фильм түсірілмейтін болды. Ол сценарийлерді түзетуге көп уақыт қажет. Ал қазіргі құраммен мерейтойға арнап фильм түсіру туралы жоспар жоқ. Оның үстіне қазіргі құрамдағы қыздар жас әрі тәжірибесіз болғандықтан, түсірілім кейінге шегерілді. Нақты қай уақытта түсіретініміз белгісіз»,-деді топтың  директоры.

altyn-kuram-51-768x513

Расымен де, осы күнге дейін  «КешYou» тобының жаңа жас құрамын сынға алғандар өте көп. Тіпті, топтың экс-солисі Мөлдір Әуелбекова олардың өзіне сенімсіз, тәжірибесіз екендігін айтқан болатын. Баян ханым тыңдармандардың сынына инстаграмдағы парақшасында жауап жазған. Олардан бүгінгі құрамды осыған дейінгі құрамдармен салыстырмауын, оларға түсіністікпен қарауын өтінген де еді.

Талқылау