Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Есентаеваның жаңа жобасы тыңдармандарымен қауышты

Продюсер Баян Есентаева жақын күндердің бірінде көрермендердің жаңа жұлдызбен танысып, халықтың Жарқынай Шалқарова есімді бойжеткеннің шығармашылығына куә болатындығын жазып сүйінші сұраған-ды. Енді міне бойжеткеннің жаңа бейнебаяны әзір болып, тұсауы да кесіліп үлгерді.

12599193_1713036472276770_1933489127_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды

Жарқынай Шалқарова Шымкент қаласының тумасы. Осыған дейін көпшілікке “Жанды дауыс” жобасының арқасында танылып үлгерген. Бүгін қазақ эстрадасындағы жаңа есім өзінің “Махаббатым” атты туындысын ұсынды.

Продюсер “Дағдарыс – шынайы таланттардың дәурені жасайтын уақыт. Біз үш нотадағы әндерден әбден жалығып, екі октаваны сағындық! Өзіңе бекем бол, әлі талай сын айтылып, көп адам мойындамайды, тас лақтырады… Тек жүректен шыққан ән ғана тыңдарманның құлағына жетеді. Бұған біздің табандылығымыз бен сеніміміз көмектеседі!” – деп Жарқынай Шалқарованы үлкен өнер әлеміне қадам басуымен құттықтады.

Жарқынай өзінің талантының арқасында “Жанды дауыс” жобасында продюсердің көзіне түскен. Өзі кәсіби биші болмаса да, мюзикл әртісі болғандықтан, қойылым барысында түрлі қимылды еркін жасайды.

Естеріңізге сала кетсек, аталған бейнебаянның плагиат болуы мүмкін екендігі туралы хабарлаған болатынбыз.

Талқылау