Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Есентаеваның қызы әкесімен түскен барлық суретін өз парақшасынан өшіріп тастады

Баян Есентаеваның кіші қызы Айару Бақытбек өзінің инстаграм желісіндегі парақшасынан әкесімен бірге түскен барлық суретін өшіріп тастады.

1

Фото: instagram.com/aissaulebakytbek/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Маусымның 10-ы күні продюсердің басында болған қанды оқиға барша Қазақстан жұртын алаңдатты. Көп адам ауыр жарақаттан кейін Баян Есентаеваның жаны аман қалмайды деп қорыққан-ды. Десе де, ол небәрі он күн ішінде үйіне шығарылып, алғашқы жазбасын бөлісті.

Психолог маманның көмегінен бас тартып, жылдам қалпына келгендігін байқатты. Алайда оның кіші қызы әлі күнге дейін қиналып жүрсе керек. Ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшаларынан әкесімен бірге түскен суреттерін өшіріп тастаған.

Мұның себебін жұрт  сұрамаса да, Бағым Мұхиденова Айарудың болған қайғылы оқиғаны қабылдай алмай жүргенін ашып айтты. Ал Айсәуле керісінше күлімсіреп түскен суреттерін жиі бөлісіп, барынша анасына қолдау көрсетуде.

Естеріңізге сала кетсек, маусымның 10-ы күні Баян Есентаеваны күйеуі соққыға жығып, үш жерінен пышақтаған болатын. Артынша продюсерге3 сағат бойы ота жасалып,күйеуі Бақытбек Есентаев қамауға алынған-ды. Қайғылы оқиға Талғар ауданын трассасында болған. Продюсер маусымның 19-ы күні ауруханадан шығарылды.


Жіберіп алмаңыз:

Желіде Баян Есентаеваның жазылғаннан кейінгі делінген суреті пайда болды (фото)

Баян Есентаева жұмысқа шығуға дайындалып жатыр

Нумеролог Баян Есентаеваның күйеуімен қашан ажырасатынын айтты

Дәрігер: Баян Есентаеваның мұрнына пластикалық ота жасау қажет

Сұлулық инелері: Баян Есентаева қалай жасаратынын көрсетті (видео)

Талқылау