Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Есентаеваның қайғысына “қуанғандар” өз ойларымен жұртты шошытты

Кей отандық журналистер мен желі қолданушылары Баян Есентаеваның басындағы қайғылы оқиғаға қатысты пікір білдірді. Олар продюсердің соққыға жығылуға лайық екенін айтып жатыр. Тіпті Есентаеваның бір көзін қысып тұрған суретін әжуалағандар да бар.

yessen3

Фото: khabar.kz

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Маусымның 10-ы күні Баян Есентаеваны күйеуі соққыға жығып, ауруханаға түскен-ді. Мұрны сынып, бірнеше жерінен пышақ жарақатын алған продюсерге 3 сағат бойы ота жасалған. Бұл хабар жұртты дүрліктіріп, көпшілік продюсердің   аман-есен сауығып кетуін тіледі. Десе де, арасында Баян ханымның жолдасынан таяқ жеуге лайық екендерін айтқандар да табылды. Қазақтілді журналистердің бірі оның күйеуінің көзіне шөп салғанын сенімді түрде айтқан.

“Құдай төбеңнен ұрып жүрмесін…” Баяғыда үлкендер бір нәрседе шектен шығып артық кетіп жатсақ, осылай ескертіп, тоқтататын еді. Аллаһтың дінін, бұйрығын мазаққа айналдырып, қазақ қыздарын шешіндіріп, орамалмен күресумен айналысқан Баянға да осыны айттық талай. Міне, айдың-күннің аманында қарабет болып қалды. Иә, Құдайдың қаһарына ілініп қалмайықшы”, – дейді журналист Ардабек Солдатпай.

Жұрналистің бұл пікіріне  желідешүйліккендер қарасы көп болды. Олар  халықтан  Есентаеваның  жағдайында мұндай ауыр сөздерді айтып, қыздары мен ата-анасына психологиялық қысым көрсетпеуді өтінді.

11

Ал Ринат Сүгірбаев есімді журналист оның күйеуінің көзіне шөп салғанына сенімді болып отыр. “Баян Есентаева күйеуінің көзіне шөп салғаны күннен күнге дәлелденіп келеді. Баян күйеуінің көзіне шөп салғаны рас болып шықты. Саят деген ақынсымақ бай болады енді. Кешегі Досболға бұлай қайғырмаған, енді ойнастықтан таяқ жеген Баянға өлең шығарып қойыпты. Фуууй”, – дейді Ринат Сүгірбаев.

3

Фейсбук желісіне қызылордалық Ерғали атымен тіркелген қолданушы продюсердің көзін қысып тұрған суретін әжуалаған.

“Баян Есентаеваның 23 жыл бұрынғы фотосы. Негізі Баян сол көзімен әдемі жігітке қысып сигнал беріп жіберген көрінеді. Сигналдың последствиясы реанимация”, – дейді ол.

Журналистердің бұл пікірін оқыған желі қолданушылары да түрлі пікір білдірді. Бірі жоғарыдағы азаматтарды жақтаса, көбісі журналистердің бұл сөзін ақымақтыққа балаған.

Желі қолданушылары “Жеңілтекке ұқсамайды. Өр мінезді, түсі суық. Қызғаншаққа солай көрінеді. Араға шағыстыратын арам пиғылдылар да кірген ғой”, “Шошаңдап кетіп еді, бұл сияқтылар толып жүр артистердің ішінде. Шенеуніктер оңбайды негізі”, “Не надо зачем так жестоко. Муж сам виноват. Әйеліне көңіл аударуы керек еді. Әйелі босқа изменять етпейді ғой. Баянның адамгершілігі, адалдығы мықты болғандықтан, анандай еркекті бай қылып отырғаны деп түсінемін. Неге? Көзін контузия, ішектерін зақымдап пышақ салу, 3 сағат ота жасау. Осылай өлімші етіп сабау қылмыс емес пе? Жарқылдап шауып жүрген ананы шалқасынан түсіру деген не сұмдық” деген  сынды пікірлер білдірген.

Ауруханада жатқан Баян Есентаева есін жиып, ешкімді көргісі де, сөйлескісі де келмейтінін айтқан. Ал жолдасы Бақытбек Есентаев 2 ай мерзімге қамауға алынған.


Жіберіп алмаңыздар:

Айсәуле Бақытбек: Әкеме деген сезімімді сендер елестете де алмайсыңдар

Баян Есентаеваның күйеуі кінәсін мойындады

Әсел Ақбарова күтпеген жерден Баян Есентаеваны алмастырды

Сұлулық инелері: Баян Есентаева қалай жасаратынын көрсетті (видео)

Талқылау