Есентаеваны желі қолданушылары ашық-шашық киімі үшін сынады

Бейсенбі, 18 Ақпан , 2016 11:29

Елімізге танымал продюсер желі қолданушыларын соңғы кезде жиі таңқалдыратын болды. Бірақ бұл жолғы себеп мүлдем өзгеше.

image

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Күні кеше өткен әнші Лұқпан Жолдасовтың 50 жас мерейтойына қысқабалақ шалбар киіп барған. Инстаграм желісінен бұл киімінің суретін көрген қолданушылар таңқалып қана қоймай,  жан-жақтан сынға алды.

Бірі стилистермен жұмыс істеуге кеңес берсе, енді бірі “Қазақ болып келдің бе, қазақ болып кету керек. Қазақша сөйлей алмағаның аздай, мынауың не? Бүкіл қазақ аруы сізден үлгі алады ғой” деп қатаң сынап қана қоймай, ренішін білдірді.

Арасында әншіні жақтап, өзгелердің аузына қақпақ болғандар да табылды.

05

Әншінің бұл әрекеті соңғы кезде жаттығу залына барып жүргенінің нәтижесін көрсеткісі келгенімен байланысты болса керек-ті. Десе де продюсер бұл жолы ешкімнің сынын құлаққа ілмеді.

Естеріңізде болса, осы уақытқа дейін продюсерге тиесілі “Алау тобының” “плагиатшылар” деп айыпталып, бастарының дауға қалғаны туралы жазған болатынбыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
19.01.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар