Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Есентаева КешYOU концертіне Мөлдір мен Жанардың не себепті қатыспағанын түсіндірді

Күні кеше атышулы КешYOU  тобының мерейтойлық концерті өтті. Аталған концертте топтың экс солистері Мөлдір Әуелбекова мен Жанар Дұғаловадан өзгелерінің барлығы өнер көрсетті. Олардың концертке қатыспауының себебін Баян Есентаева мен Бағым Мұхиденова түсіндіріп берді.

image

Фото: instagram.com/bayanyessentayeva_/

Бұл туралы “Ревю” хабарлайды.

Мамырдың 24-і күні КешYOU тобының 10 жылдығына орай концерттері өткен-ді. Аталған концертте Кәмшат Жолдыбаева, Айдана Меденова, Әнел Әрінова, Зумрад Гареева, Жұлдыз Өмірғали, Ақбота Сейтмағамбет және Балжан Бидаш өнер көрсеткен. Тіпті жуырда “Баян ханым, мені алыңызшы” деп жар салған рэпер Асыл Мұраның өзі де қатысқан. Бірақ мерейтойға Мөлдір мен Жанар қатыспаған. Мұның себебін Баян Есентаеваның өзі түсіндіріп берді.

“Өкінішке орай, өмірде түрлі дүние болып жатады. Адамдар бір-бірімен ренжісіп айырылысуы мүмкін. Мұны жақсы немесе жаман деп айтуға болмайды. Бұл бар болғаны өмір ғана. Екі солисіміздің келмеуінің себебі осы десем де болады”, – дейді Баян Есентаева.

Ал Бағым Мұхиденова бұл әншілерді концертке шақыру мүлдем дерлік ойда болмағанын айтады.

“Оларды концертке шақырту біздің қолымыздан келмей қалған жоқ. Бар болғаны олармен бірге жұмыс істегіміз келмеді”, – дейді Бағым Мұхиденова.

Десе де, қос продюсер жабулы қазанның қақпағын сол күйінде қалдырып, арада қандай түсініспеушілік орын алғанын айтпады. Концертті Айдана Меденова мен Кәмшат Жолдыбаева жүргізді. Әншілер тек топ құрамында өнер көрсетіп, хит әндерді орындаған.


Оқи отырыңыз:

КешYOU мерейтойлық концерттерінде су астында өнер көрсетті (видео)

Рэпер жігіт Баян Есентаеваға тағы да өтініш білдірді (видео)

Баян Есентаева өзіне өтініш білдірген жігіттің бетін қайтарды

Баян Есентаева әріптестерінің жаға жыртысуға дайын тұратынын айтты

Талқылау