Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Есентаева “Insta-байқау” ұйымдастырғанына өкінді

Продюсер осыдан бір апта бұрын инстаграмдағы парақшасында кішкентай баланың түсініксіз тілде айтқан өлеңін айнытпай қайталаған өнерпазға $1000 беретінін жазған болатын. Енді сол байқауды ұйымдастырғанына өкініп жатқан сыңайлы.

1

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Елімізде өнерлі жастардың көп екенін болжады ма, әйтеуір жүлдені “ескі бағам бойынша” табыстайтынын бірден жазды.

Продюсер “Айтылған сөз – аталған оқпен тең. Сыйақыны ескі бағам бойынша тапсыратынымды жазғаныма шүкір. Әйтпесе, қазір жаңа бағам бойынша беруім керек болатын еді” деп күлді.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін продюсердің инстаграм желісінде байқау жариялағаны туралы жазып, аталған байқаудың жеңімпазы туралы мәлімет берген болатынбыз.

Талқылау