Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Есентаева бір кездері киноиндустрия саласында жолы болмағаны жайлы айтты

1443379352_l

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Елімізге танымал продюсер инстаграмдағы парақшасына өзінің 18 жасындағы суретін салып, бір кездері киноиндустрия саласында жолы болмағаны туралы жазды.

“Суретте менің жасым он сегізде, мен осы жасымның өзінде қайда баруым керектігін нақты білетінмін… Кастингке… Ол кезде мұны сынама деп атайтын. Миллион рет кастинге бардым, егер жолыңыз болмай қалса, еш мұңаймаңыз, келесісіне барыңыз”, – деп сағы сынған жандарды жігерлендірді.

03

Суретті көрген оқырмандар продюсердің сұлу екенін, арада көп уақыт өтсе де, еш өзгермегенін тілге тиек етті.

Бұдан өзге кастингтерден өтпесе де, естелікке талай сурет қалатыны туралы жазды. Жоғарыдағы суреті Шыңғыс хан әйелінің рөліне актриса тағайындау кезінде түсірілген екен. Әнші бұл кастингтен өте алмаған.

Естеріңізде болса, осыған дейін желі қолданушыларының Баян Есентаева мен Әсел Садуақасованың қайсысы әдемірек екеніне таласқандары туралы жазған болатынбыз.

Талқылау