Есентаев әйелін опасыздық жасағаны үшін пышақтаған болуы мүмкін

Сейсенбі, 14 Маусым , 2016 11:51

Бірнеше күннен бері Whats App желісі арқылы күйеуінің Баян Есентаевадан көзіме шөп салды деп күдіктенгені туралы ақпарат тарап жатыр. Бұл сот ісінің анықтамасын Талғар аудандық ІІБ-нің басшысы Шайхин әзірлеген болуы мүмкін. Аталған құжатта Баян мен Бақытбек Есентаевтардың туысқандарының аталған іске қатысты куәлік еткендері туралы жазылған.

image

Фото: zhambylnews.kz

“Сотқа дейінгі тергеу амалдары кезінде Баян Есентаева мен күйеуінің арасында түсініспеушіліктердің жиі орын алатындығы анықталған. Продюсердің ата-анасы Есентаев қыздарын өзінің көзіне шөп салды деп күдіктенгені жайлы айтқан . Осыған орай, Баян Есентаева күйеуімен ажырасу туралы шешім қабылдап, “Лашын” тобымен бірге Грузияға ұшып кетеді”, – делінген құжатта.

Анықтамада Баян Есентаеваның Қазақстанға уәде еткен мерзімінде оралмағаны жазылған. Ол Алматыға кешірек, оның үстіне Грузиядан емес Түркиядан ұшып келген.

“Ол (Бақытбек Есентаев – авт. ескерту) 6 маусым күні әйелін Алматы қаласының әуежайында күткен. Алайда ол ұшып (Грузиядан) келмеген. Маусымның 10-ы күні Бақытбек Есентаев мас күйінде өзінің нағашы жиенімен бірге Түркиядан ұшып келген Баян Есентаеваны күтіп алуға әуежайға барады. Одан көзіме шөп салды деп күдіктеніп, Байбұлақ ауылында тұратын ата-анасының алдына апармақ болады. Жол үстінде екеуі ұрысады. Ол (Бақытбек Есентаев) жиенінен көліктен шығып, өздерін жалғыз қалдыруларын сұрайды. Жанжалдасып жатып ол әйелін ұра бастайды, артынша көлік есігінің қалтасында тұрған пышақты алып әйелін ішінен жарақаттайды. Осыдан кейін көліктен шығып, жиенінен әйелін ауруханаға алып баруын өтінеді”, – делінген құжатта.

IMG_6774

Мұнымен қатар, анықтамада жайсыз хабарды  Баянның анасына Есентаевтың жиені жеткізгені жазылған.

Гүлжамал Мұхитденова тергеушілерге Бақытбек Есентаев пен қызының арасында қызғанышқа байланысты түсініспеушіліктер орын алып жүргенін айтқан. Бұдан өзге Баян Есентаеваның күйеуімен ажырасқысы келіп жүргенін жеткізген.

Әзірге желіде тарап жатқан құжатты Алматы облысы ІІД-і жоққа шығармаған әрі оның ресми құжат екенін де растамаған.


Жіберіп алмаңыздар:

Жан сақтау бөлімінде жатқан Есентаева тілге келді

Баян Есентаеваның күйеуі кінәсін мойындады

Баянды өлтіруге бекінген күйеуінен қызы арашалап қалған

Әріптестері халықтан Есентаеваның палатадағы суретін еш жерде жарияламауды сұрады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
29.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар