Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Есболат былапыт сөздерді жиі айтатынын мойындап, жазасын алуға дайын екенін жеткізді

Есболат Бедалхан өзінің былапыт сөздерді жиі айтып қоятынын мойындады. Мұнымен қатар, мұндай әдепсіздігі үшін бірнеше сағат бойы қоғамдық жұмыстар атқаруға дайын екенін жеткізді.

1459233118_oooooo

Фото: instagram.com/pandaeiga/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Есболат Беделханның ағасы Ерболат бірнеше жыл бұрын шаңырақ көтеріп, бүгінде бір қыз, бір ұл тәрбиелеп отыр. Ал ең үлкен ағасы Жанболат жуырда үйленді. Бүгін ол инстаграм желісінде өзінің сүйіктісінің суретін бөлісті. Мұнымен қатар, оның өзіне үнемі білдіретін өтініші жайлы айтып берді. Әзірге сүйіктісі туралы еш ақпарат жоқ. Десе де, әншінің сөзіне қарап оның ерке әрі тәрбиелі екенін байқауға болады.

“Менің құрметті қызым боғауыз сөздер айтқанымды жаратпайды. Әдетке айналып кеткендіктен, үнемі боғауыз сөздер айтып қоямын. Ол мұндай жағдайда жәй ғана сыпайылықпен жаман сөздер айтпауымды сұрайды. Өз басым кез келген тілдегі дисфемизмдерді ұнатпаймын. Мұндай құлаққа түрпідей тиетін сөздердің пайда болуы туралы интернеттен немесе кітаптан оқитын болсақ, оны мәдениетсіз адамдардың тез меңгеріп алатындығын байқауымызға болады. Бір қызығы, тәрбиесіздер боғауыз сөздер айту арқылы мықты көрінуге тырысады.

Нормадан тыс лексиканы қолданатын адамдар белгілі бір жақындарының сенімінен шығып кетуі де мүмкін. Бұдан өзге боғауыз сөз араластырылған ұятсыз әзілдер айтылғанда, тыңдаушының құты қаша бастайды. Қысқасы, мәдениетті өмір сүргісі келетін жандар өз ойларын боғауыз сөздерсіз дұрыс жеткізе білуі тиіс. Өзім де аса тәрбиелі жандардың қатарынан еместігімді мойындаймын. Егер мемлекетімізде қоғамдық орында нормадан тыс лексиканы пайдаланғанымыз үшін жауапкершілікке тартса, өз ісім үшін жауап беруге әзірмін. Қажет болса қоғамдық жұмыстарға атсалысамын!” – дейді Есболат Беделхан.

Желі қолданушылары әншінің сөзін құптап, оған сүйіктісіне тезірек үйленуге кеңес берді. Тіпті алып қашатындықтарын айтып қорқытып жатты. Жазбаға 1000-ға жуық лүпіл қойылса да, тек бірнеше пікір жазылған. Десе де, олардың көпшілігі аталған тақырыпқа қатысты ой бөлісуге бағытталған. “Тезірек үйлен, әйтпесе біз алып қашып кетеміз”, “Бақытты болыңыздар”, “Өткенде Гәккуде Беделхандар келін түсірді деген кезде, Есаға ма деп ойлап едім. Алла бұйырса, бақытты болыңыздар”, “Өте дұрыс айтасыз. Боғауыз сөздерді қолданатын жандарды есі дұрыс адамдардың қатарына қоса алмаймын. Кез келген ойымызды дисфемизмдерсіз-ақ жеткізе аламыз” дейді олар.


Жіберіп алмаңыз:

Есболат Беделхан 91 тобын сынаған Әбдірайымовке жауап берді (фото)

Зайтовтың сынына қатысты Есболат Беделхан жауап берді

Әнші Есболат Беделхан бұрынғы әдетіне қайта басты

Асыл Беделхан: Жеменейдің кешінде Ринаттың билеп, рэп айтқанын мазақ қылдым

Беделхан “Ninety one” тобын даттаушыларға пікірін суретпен жеткізді

Талқылау