Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Есболат Беделхан Алматының жаңа логотипін мазақ қылды

Есболат Беделхан Алматының жаңа логотипін әжуалап, оның жұрт арасында тараған эмблемалардың көшірмесі екенін меңзеді.

12328123_1674876449436995_1200898658_n

Фото: instagram.com/pandaeiga/

Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.

“Орда” тобының әншісі Алматының жаңа логотипін әжуалады. Оған берер бағасын “Не сұмдық мынау” деген бірауыз сөзімен жеткізді. Есболаттың осы сөзін желі қолданушылары да қоштап, түрлі пікір білдіріп жатты.

“Эмблема онша емес”, “Бұл жолы тым артық кетіпті”, “Ариэль ұнтағы туралы да ұмытпаңыздар”, “Мен ешбір айырмашылық көріп тұрған жоқпын”, “Бассыздық қой мынау” дейді желі қолданушылары.

Жұртты шулатқан Алматы қаласының логотипі бірер күн бұрын ғана таныстырылған болатын. Аталған логотипті мамандар миллион теңгеге жасаған екен. Таныстырыла салысымен жұртшылықтың көңілінен шықпай, мамандар тарапынан “ешқандай мағына бермейді” деп бағаланған-ды.


Оқи отырыңыз:

Зайтовтың сынына қатысты Есболат Беделхан жауап берді

Әнші Есболат Беделхан бұрынғы әдетіне қайта басты

Асыл Беделхан: Жеменейдің кешінде Ринаттың билеп, рэп айтқанын мазақ қылдым

Беделхан “Ninety one” тобын даттаушыларға пікірін суретпен жеткізді

Талқылау