Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ержан Сәденов Нұр-Сұлтан қалалық полициясының басшысы болып тағайындалды

Нұр-Сұлтан қаласында полиция департаментінің басшысы ауысты. Бұл қызметке Сәденов Ержан тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ержан Сәденов Нұр-Сұлтан қалалық полициясының басшысы болып тағайындалды

Қазақстанның ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев елордалық полиция департаментінің жаңа басшысын таныстырды. Президент әкімшілігінің келісімен Нұр-Сұлтан қаласыныңп департаментінің басшысы лауазымына полиция полковнигі Сәденов Ержан Сапарбекұлы тағайындалды.

Ержан  Сәденов 1968 жылы Шығыс Қазақстан облысында туған. С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін, Қарағанды қаласындағы Қазақстан Республикасы ҰҚК-нің жоғарғы мектебін тәмамдаған. 

Ішкі істер органдарында 1993 жылғы шілдеден бастап орта және аға басқарушы құрамның әртүрлі жедел лауазымдарында қызмет атқарған. Басшылық лауазымдардағы тәжірибесі мол.

Әр жылдары Риддер, Өскемен қалалары полиция басқармаларының, Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының басшысы, Маңғыстау облысының Полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары, ІІМ жедел департамент басшысы, көліктегі полиция департаментінің басшысы болып қызметті етті.

2016 жылғы маусымнан бастап Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының Полиция департаментінің басшысы лауазымын атқарды.

Талқылау