Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Ұялы телефон алуды армандайды": Анасы Ержан Максимның басты қалауы туралы айтты

Ержан Максим "Голос. Дети" байқауынан жеңіп алған жүлдесін қайда жұмсайтынын жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Әкем мен анама беремін. Менде бәрі бар. Отбасым, ата-анам, атам мен әжем, үйім, ақшам", - деп жауап берді Ержан Максим жетімдер үйінің балаларымен кездесуден соң.

Ал Ержанның анасы Гүлмира Әлібекова ұлының ұялы телефон алуды армандағанын айтты.

"Ержан iPhone алуды армандайтын. Бірақ, оған бірнеше телефон сыйлады", - дейді.

Естеріңізге сала кетейік, Ержан Максимді "Голос. Дети" байқауының әділқазылары да қолдап, жеңіске жетуге лайық деп тапқан болатын. Алайда, Алсудың қызы Микелла Абрамованың жасанды жолмен дауыс жинауы қазақстандық жігітке жеңіске жетуге кедергі болған. Зерттеу нәтижелері бойынша Микелла Абрамованың жеңісі күшін жойған.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр