Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ертісбаев грузин шарабы жайында: Күніне бір бокал ақ шарап ішкен пайдалы

Қазақстанның Грузиядағы елшісі Ермұхамет Ертісбаев грузин асханасы мен шараптары жайында ойымен бөлісті. Сәрсенбі күні өткен брифинг барысында ол екі жылдан бері тек таза су ішетінін айтып қалды. Сондай-ақ, шарап таңдау барысында неге мән беру керектігіне тоқталды.

yertysbayev

“Нағыз грузин шараптары – әлемдегі ең күшті шараптардың бірі, мүмкін ең мықтысы да шығар, әлемде олар кеңінен танымал. Ал грузин асханасы екіге бөлінеді. Біріншісінде – көкөніс пен жеміс көп. Мен Грузияға 2013 жылдың сәуірінде келдім, ал қарашада Астанада болып, дәрігерлерге қаралдым. Сонда дәрігер менің көрсеткіштерімді көріп таңғалды. «Холестериніңіз үш есеге төмендеп кетіпті», – деді. Грузин асханасының «көк» бөлігінің арқасында солай болды», – деді Ертісбаев сәрсенбі күні өткен брифинг барысында.

Бұдан өзге, Қазақстан елшісі грузин шарабын таңдау кезінде неге мән беру керектігін айтты.

«Тек құрғақ шараптар ішкен жөн. Әлгі жартылай тәттілердің қажеті жоқ. Құрамында қанты бар нәрселердің бәрі зиян. Ал құрғақ ақ шараптан бір бокал ішсеңіз, ол қайта пайдалы. Бірақ үш бокал ағзаға ауырлық түсіруі мүмкін. Грузиндер ақ шарапты күн сайын ішеді, ал қара шарапты (олар оны қызыл шарап деп атамайды) аптасына бір рет ішеді. Себебі олар ауыр келеді. Қызыл құрғақ шарапты етпен ішкен жақсы, бірақ біздің бешбармақпен емес. Ал ақ шарапты балықпен бірге тұтынған жөн», – дейді Ертісбаев.

Жіберіп алмаңыз:

Сағынтаев ауыл шаруашылығы вице-министріне: Сізге сұрақ қойып тұрсам залда қыдырып жүрсіз

Халықты дүрліктірген жер кодексі парламенттің қарауына жетті

Ішімдік сататын дүкенді аралап жүрген имамдар елді шошытты

Алматы облысында 85 мұғалімді аудандық бас ұстаз «білімсіз қарақалпақтар» деп кемсіткен

Талқылау