Ертіс жағалауынан ежелгі мүйізтұмсық табылды

Жұма, 25 Наурыз , 2016 13:02

Ертіс өзені жағалауынан қазақстандық және ресейлік бірлескен палеонтологтар командасы ежелгі жалғыз мүйізді жануар қаңқасын тапты. Павлодар облысы, Қожамжар ауылына жақын тұста жүргізілген бұл археологиялық қазба жұмыстары ерекше жаңалыққа негіз болды.

Безымянный

Сурет deviantart.com

Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды.

Ғалымдар бұл жұмбақ жануар біздің уақытымызға дейін өмір сүрген болуы мүмкін дейді. Томскі университетінің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, бұл жануар ежелгі түкті мүйізтұмсық сүтқоректілерге тиесілі болуы ықтимал.

“Бас сүйек бөліктері сараптама жасалу үшін Белфаст университетіне жіберілді. Зерттеу бойынша бұл бас сүйекке 26 мың жыл бһтолғаны анықталды”, – дейді доцент Андрей Шпанский.

Ертеректе, Евразия даласында өмір сүрген түкті мүйізтұмсықтардың жер бетінен 350 мың жыл бұрын жоғалып кеткені айтылған еді. Демек, Қазақстандағы Ертіс жағалауы өзінше бір палеонтологиялық “қорық” іспетті деп айтуға болады. Андрей Шпанскидің сөзінше, ғалымдар Ертіс жағалауынан ежелгі сүтқоректі хазар пілінің де сүйегін тапқан.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар