Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ басқарма төрағасы пара алу кезінде қолға түсті

«Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ басқарма төрағасы 1,2 млн теңге көлемінде пара алу кезінде қолға түсті. Манарбек Сапарғалиев кәсіпкерден 1,2 млн теңге алып, оған “қамқорлық” көрсетуге уәде еткен.

делоооо

“Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша Ұлттық бюроның Шығыс Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметі “Ертіс” әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы” ұлттық компаниясы” АҚ басқарма төрағасы Манарбек Сапарғалиевті делдал арқылы жалпы сомасы 1,2 млн. теңге көлеміндегі кезекті параны алып жатқан жерінде ұстады”, – делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, аталған тұлға өзіне бағынышты кәсіпорынның директорынан лауазымынан айырылып қалмауы және оған қызметі жағынан қамқорлық көрсетіп отыруы үшін ақшалай жүйелі түрде қаражат талап етіп отырған.

Сонымен қатар, хабарламада Сапарғалиевке қатысты “тұтқындау” бұлтартпау шарасы қолданылғандығы туралы айтылған.

Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Талқылау