Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Ертеңіміз Аллаға аманат": Қазақстандық жұлдыздар елбасының отставкаға кетуін күйзеліспен қабылдады

Еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың отставкаға кетуін қазақстандық жұлдыздар қалай қабылдады? Stan.kz әзірлеген материалдан таныс болыңыздар. 

 "Ертеңіміз Аллаға аманат": Қазақстандық жұлдыздар елбасының отставкаға кетуін күйзеліспен қабылдады
Елбасының сарабдал саясатының арқасында 30 жылға жуық уақыт тыныш ұйықтадым, дейді Ләйлә Сұлтанқызы. Ол алаңсыз өскен бала әрі екі баланы тәрбиелеп өсірген ана ретінде, көрерменімен еркін тілдескен маман ретінде Нұрсұлтан Әбішұлына алғыс айтады.

"Және сіздердің де дәл осындай бақытты сезініп жүргендеріңізді білемін.

Қазақстан атты шаңырақтың берекесін шайқалтпай, бірлігін шашпай, көшін алға сүйреп келген Ұлт көшбасшысына шын жүректен алғыс айтамын және шынайы алғысқа бөлейік деген ниетпен #алғыс айту #challenge-ін бастағым келеді. Елім деген Елбасына елі де ыстық ықыласпен ілтипат білдіреді, білдіріп те жатыр. Жай ғана осы постты жымия оқып, алаңсыз ертеңгі күнге жоспар құрып, будильникті қосып жатқан жағдайыңыз #алғысайтуға тұрарлық іс қой! Сондықтан менің бастамамды қолдайсыздар деген ойдамын", - дейді тележүргізуші.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Мен - окопта бұғып емес, анамның құшағында еркін ойнап өскен баламын. Мен - білімді тығылып емес, жоғары оқу орнында мемлекеттік грантта оқыған студентпін. Мен - көрерменмен бейбіт күнде тікелей эфир арқылы дидарласқан маманмын. Мен - ұлдарымның тыныш ұйқысын, жарқын балалық шағын көрген бақытты анамын. ⠀ Және сіздердің де дәл осындай бақытты сезініп жүргендеріңізді білемін. Қазақстан атты шаңырақтың берекесін шайқалтпай, бірлігін шашпай, көшін алға сүйреп келген Ұлт көшбасшысына шын жүректен алғыс айтамын және шынайы алғысқа бөлейік деген ниетпен #алғыс айту #challenge-ін бастағым келеді. Елім деген Елбасына елі де ыстық ықыласпен ілтипат білдіреді, білдіріп те жатыр. Жай ғана осы постты жымия оқып, алаңсыз ертеңгі күнге жоспар құрып, будильникті қосып жатқан жағдайыңыз #алғысайтуға тұрарлық іс қой! ⠀ Сондықтан менің бастамамды қолдайсыздар деген ойдамын. ⠀ Сіздің де алғыс айтар кем дегенде 10 себебіңіз бар. Ендеше алғысыңызды жазып, #01_one_love деген хештегпен белгілей кетіңіз. #Елбасы #Президент #Алғыс #Бақыттыұрпақ

Публикация от Ляйла Султанкызы (@sultankyzy)

Иә, елбасының кеткенін ауыр қабылдағандардың бірі - Сәкен Майғазиев. "Музарттық" сері жаңалықты естігенде абдырап қалғанын жасырмайды. 

"Бірнеше минөт көзіммен жер шұқып, бір нүктеге қадалып қалдым. Әлем санасқан, саясат сахнасында салмағы басым санаулылардың санатындағы ЕЛБАСЫмызға деген қимастық сезімі өз басымда басым болып тұр. АЛЛА тағала елдің пейіліне қарай патша береді дейді. Нұрсұлтан Әбішұлының дұрыс шешім қабылдауын ЖАРАТУШЫдан жалбарынып тілейік. АЛЛАның қолдауымен, бейбітшіліктің бесігінде тербеткеніңіз үшін, ҚАЗАҚ халқы жолында еткен еңбектеріңіз үшін мың алғыс!" - дейді ол. 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Бірнеше минут көзіммен жер шұқып, бір нүктеге қадалып қалдым. Әлем санасқан, саясат сахнасында салмағы басым санаулылардың санатындағы ЕЛБАСЫмызға деген қимастық сезімі өз басымда басым болып тұр. АЛЛА тағала елдің пейіліне қарай патша береді дейді. Нұрсұлтан Әбішұлының дұрыс шешім қабылдауын ЖАРАТУШЫдан жалбарынып тілейік. АЛЛАның қолдауымен, бейбітшіліктің бесігінде тербеткеніңіз үшін, ҚАЗАҚ халқы жолында еткен еңбектеріңіз үшін мың алғыс! #🤲🇰🇿🕌🕋🍼👼🏻👨‍👩‍👦‍👦💞🏘📚🌎🍞🥛🍯🤝🏇🕊☀️

Публикация от Saken Maigaziyev (@saken_maigaziyev)

Жұлдызды жұп Қыдырәлі мен Қарақат болса елбасымен кездескен күндерін еске алды. 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Бұл менің өмірімде ерекше ұмытылмас тариxи сәт: ҚР Тұңғыш Президентінің қолынан "ҚР Еңбек сіңірген қайраткері" куәлігін алып,жүрегім қуаныштан лүпілдеп тұрған кез☺️ 30 жыл бойы елі үшін еңбек еткен тау тұлғалы Тұңғыш Президентімізге тұғырлы тәуелсіздік үшін,бейбіт өмір үшін,берекелі жылдар мен жарқын болашақ үшін алғыс айтамын... Деніңіз сау,ғұмыр жасыңыз ұзақ болғай.🤲🇰🇿19.03.19

Публикация от Karakat Abildina (@karakat_a)

Продюсер Алуа Қонарова бойын қорқыныш сезімі билегенін айтады. 

"Қанша дегенмен ол біздің туған әкеміздей. Оның кезінде көп нәрсе өзгерді. Шекарамыз кеңейді. Ол 1-ші және солай болып қала бермек. Енді алаңдап қалдық", - дейді ол. 

Белгілі сылқымдардың бірі Айдана Меденова да продюсермен келіседі.

Алтынай Жорабаева болса өзіне жекелей құрмет көрсеткен елбасына бір емес, үш бірдей пост арнады. 
"Раxмет сізге, тұңғыш президентіміз. Біз егемен елімізбен бірге өстік, жастығымыз елбасымызбен бірге есейді. Ел үшін еңбегі ерен. Бүгінгі шешімі үлкен ерлік. Қимастық сезімі көзден жас болып шыққанын сезбей қалдық. Иесіз елде қалғандай сезім болды.

Бүгінге дейінгі еңбегін ешкім жоққа шығара алмайды. Ал ертеңіміз Аллаға аманат! Ертең елді басқарсын қай мұсылман, ол үшін де қасқайып тұра аламыз.

Патшаны Алла таңдайды. Бастысы еліміз тыныш болсын. Алла хайырын берсін, дұғада болайық", - дейді Алтынай.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Раxмет сізге, тұңғыш президентіміз 😘🤲🏻. Біз егемен елімізбен бірге өстік, жастығымыз елбасымызбен бірге есейді. Ел үшін еңбегі ерен. Бүгінгі шешімі үлкен ерлік. Қимастық сезімі көзден жас болып шыққанын сезбей қалдық. Иесіз елде қалғандай сезім болды 😪😢 Бүгінге дейінгі еңбегін ешкім жоққа шығара алмайды. Ал ертеңіміз Аллаға аманат! Ертең елді басқарсын қай мұсылман, ол үшін де қасқайып тұра аламыз. Патшаны Алла таңдайды. Бастысы еліміз тыныш болсын. Алла хайырын берсін, дұғада болайық. 19.2019 ж. 19:00 . Тариxи күн ❤️😘🌹

Публикация от Алтынай Жорабаева (@altynaizhorabayeva)

 

 
 
 
 
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр