Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Биылғы “Қазақстан Барысы” турнирінің жеңімпазына 25 млн теңге мен пәтер табыс етілмек

Жексенбі күні “Сарыарқа” аренасында Қазақстанның үздік балуандары сайысқа түседі. Бұған дейін қатысушылар салмақ өлшеу рәсімін өткізді.

атат

Бұл туралы bnews.kz хабарлайды.

Барлық қатысушылар финалдық кезең талаптарынан өтті. Олардың барлығы 90 келіден асуы тиіс. “Қазақстан Барысы” деп аталатын қазақ күресінен жарыста қатысушылар алтын “Тайтұяққа” таласады.

Балуандар иеленетін жүлде қоры мынадай:

1 орын – 25 000 000 теңге
2 орын – 5 500 000 теңге
3 орын – 1 800 000 теңге

Сонымен қатар, турнир жеңімпазына алғаш рет Астанадан пәтер де табыс етіледі. Ақшалай сыйлықтарды әдеттегідей жеңімпаздың бапкерлері де иеленеді.

“Қазақ күресі федерациясы әркез спортшылардың тазалығын талап етеді. 2012 жылдан бастап біз міндетті түрде оларды допинг бақылаудан өткіземіз. Осы жылы бірнеше спортшының допинг қабылдағаны туралы күдік туындаған. Нәтижесінде спортшылар таза болып шықты. Бүгін сағат 14.00-де допинг бойынша күдікке ілінген Касачевтің де таза екені дәлелденді. Турнирге жалпы саны 34 балуан қатысады”, – деп хабарлады Федерацияның вице-президенті Сәрсен Құранбек.

Финалистер тізімі:

1. Айтуар Абдулов (Астана қаласы)
2. Айбол Айтбек (Жамбыл облысы)
3. Дулат Алпысов (СҚО)
4. Алтынбек Аусағитов (СҚО)
5. Бекзат Ахметбеков (Қарағанды облысы)
6. Руслан Әбдіразақов (Қызылорда облысы)
7. Талғат Әмренов – “Әскер Барысы 2016”
8. Асыл Барменов (Қарағанды облысы)
9. Виктор Демьяненко (Алматы қаласы)
10. Еркебұлан Егінбаев “Павлодар облысы)
11. Еламан Ерғалиев (Қызылорда облысы)
12.Сержан Ерлан (БҚО)
13. Жұманазар Ерсұлтанов (ОҚО)
14. Дәулетхан Жақыпов (Жамбыл облысы)
15. Нұрдәулет Жарылғапов (Маңғыстау облысы)
16. Сұңғат Закарияев (Атырау облысы)
17. Ербол Игілік (Маңғыстау облысы)
18. Нұрсұлтан иманғазин (Ақтөбе облысы)
19.Александр Касачев (Алматы облысы)
20. Бауыржан Қабай (Алматы қаласы)
21. Абылайхан Қасымхан (Қостанай облысы)
22. Асхат Құсайынов (БҚО)
23. Кенжебек Күзембаев (Атырау облысы)
24. Самир Мамедов (Павлодар облысы)
25. Нұрсұлтан Мыңғышов (ОҚО)
26. Айбек Нұғымаров (ШҚО)
27. Ерлан Омаров (Қостанай облысы)
28. Ұлан Рысқұл (Алматы облысы)
29. Айбат Сейтен (Астана қаласы)
30. Леонид Станеев (Ақмола облысы)
31. Олжас Сүлейменов (БҚО)
32. Дархан Темірханов (Ақтөбе облысы)
33. Мереке Тұрашев (Ақмола облысы)
34. Бейбіт Ыстыбаев “Қазақстан Барысы 2012, 2015 (Жамбыл облысы)

Турнир финалы 3 шілде күні Республикалық “Сарыарқа” велотрегінде болады. Жарыс 12.00-де басталады. Көрермендер арасында арнайы автокөлік билеті де ойнатылады.

Талқылау