Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскемен волонтерлері із-түссіз жоғалған әйелді іздеуге шықты

Ақпанның 20-сы күні волонтерлер 24 жастағы Ольга Жукованы іздеуге шықты. Әйел өткен жылдың желтоқсан айында жоғалып кеткен болатын.

olga20161012_2

Бұл туралы YK-news.kz тілшісі хабарлайды.

Жоғалған әйел туралы ақпарат осы уақытқа дейін интернет беттерінде жазылған. Ол құрбысымен бірге жалдамалы пәтерде тұрып жатқан. 13 желтоқсанда құжат не ақша алмастан сыртқа шығып кетеді. Өзі шылым шегіп, сәлден соң қайтып келетінін айтқан. Алайда ол із-түссіз жоғалып, дәл қазір қайда екенін ешкім білмейді.

Әйелдің үйде 4 жасар баласы қалған. “Одноклассники” әлеуметтік желісінде баласынан кешірім сұрайтын хат жазған. Туған-туыстары бұл хабарламаны өзі жазғанына күдік келтіріп отыр.

Оны жақындарынан бөлек волонтерлер де іздестіріп жатыр 20 ақпан, яғни бүгін сағат 10:00-де белсенділер “Олимпик” боулингінің алдында жолықты. Аталған боулингтің мекен-жайы: Протозанова, 95а. Артынша Крылов көшесінің бойымен жүріп өтіп, хабарландырулар іледі. Дүкен иелерінен сұрастырып, Үлбінің екі жағалауын аралайды.

“Ауданды жайдан-жай таңдай салмадық. Ольганы бірнеше күн бұрын Крылов көшесінің бойынан көрдік деген ақпарат келіп түсті. Оны іздестіруге бұл істе тәжірибесі мол Риддер волонтерлері келеді. Мұнымен қатар, риддерліктердің полиция қызметкерлерімен де қарым-қатынасы жақсы екенін атап өткім келеді. Өскемен ІІБ әзірге бізбен бірлесе жұмыс істеуге дайын емес. Біз жанашыр жандардың барлығын көмекке шақырамыз, – деді волонтер Евгения Краскова.

Волонтерлер алдағы уақытта Защита ауданын аралауға шығуды жоспарлап отыр.

Талқылау