Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ертең боксшы аруымыз Дариға Шәкімова жұдырықтасады

Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында ертең боксшы аруымыз 75 келідегі Дариға Шәкімова шаршы алаңға шығады,- деп хабарлайды Риодағы ҚазАқпарат тілшісі.

шүменова

Ол канадалық  Фортинмен жұдырықтасатын болады.

Дариға Шәкімова

Туған күні/жылы: 20.11.1988

Туған жері: Петропавл қ.

Салмағы: 75 келі

Бапкері: В.Присяжнюк

Жетістіктері:

Азия чемпионы (2010);

Қазақстан чемпионы (2013);

Қазақстан чемпионы (2014);

Азия чемпионы (2015);

Қазақстан чемпионы (2016);

Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Шәкімова Олимпиада ойындарына жолдаманы Қытайда өткен бокстан Азия және Мұхит аймағы елдері бойынша Олимпиада ойындарына жолдама сарапқа салынған турнирде жеңіп алды. Олимпиада ойындарына тұңғыш рет қатысқалы отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы  2 алтын, 2 күміс, 3 қола медальмен  бүгін жалпыкомандалық есепте 16-орында келе жатыр.

 

Талқылау