Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ертегідегідей той: Қазақстан аруының тойы Италияда дүркіреп өтті

"Қазақстан аруы-2014" Регина Вандышева Италияда тұрмысқа шықты.

Ертегідегідей той: Қазақстан аруының тойы Италияда дүркіреп өтті

Бұл туралы бойжеткен Instagram желісінде жазды. 

Регина Вандышева 2014 жылы әділқазыларды келбетімен ғана емес, спорттағы жетістерімен де таңғалдырған еді. Байқаудан соң АҚШ пен Қытайда білім алды. 

26 жастағы бойжеткеннің тойы өткен сенбіде болды. Күйеу жігіттің кім екені әзірге белгісіз. 

"Сөз жоқ. Әр қыз осындайға лайықты", - деп жазды Регина суретін жүктей отыра.

"Қазақстан аруы" байқауының ресми Instagram-дағы ресми парақшасында құттықтау жазба жарияланды. 

"Ең әдемі, жарқын, көңілді Регина Вандышева тұрмысқа шықты. Регина мен жолдасын шын жүректен құттықтаймыз", - дейді хатта.

Ертегідегідей той: Қазақстан аруының тойы Италияда дүркіреп өтті

Регинаның тойы Италияда өтті Қонақтар арасында жақын достары, Ресей аруы Софья Никитчук пен Грузия аруы Нука Каралашвили бар. Олар 2015 жылы "Әлем аруы", "Ғаламшар аруы" байқауына бірге қатысты.



 

Талқылау