Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ернін бірнеше рет үлкейткен британдық тағы ота жасатпақшы (фото)

30 жастағы  британдық Алия Бирн  ернін үлкейту үшін  алты мәрте хирургиялық ота жасатқан. Жұрттың сынына құлақ аспайтын жалғызбасты әйел ернінің қазіргі көлеміне көңілі толмайтынын айтады. Сондықтан да алдағы уақытқа  тағы бірнеше ота жоспарлап отыр.

ерін7

Бұл туралы Dailymail.co.uk жазды.

Көптеген әйелдер ісіңкі әрі көлемді ерінді болуды қалайды. Бірақ, көпшілігінің арманы ойдағыдай жүзеге аспай, үйрекке ұқсап қалып жатады. Алия Бирн есімді әйел өз арманына қол жеткізу үшін 2 мың фунтқа ота жасатқан. Әрине, бұл дегеніңіз  қатарынан алты ота.

ерін

Алия көшедегілердің өзіне күле қарайтынын талай байқаған. Тіпті бетіне келіп ернін тым қатты үлкейтіп алғаны жайлы айтатындар да бар екен. Бірақ келіншек мұндай сындарға көңіл аудармайды. Ол өз арманындағы ерінге қол жеткізу үшін тағы ота жасатпақшы.

ерін6

«Менің жаңа әрі үлкен ернім өзіме айтарлықтай сенімділік сыйлады. Тіпті айналамдағылардың өзгеше қарайтынын байқаймын. Әрі анам да үнемі ота жасатуыма тыйым салып отырады. Бірақ мен өзіме ұнағанын істеймін. Бұл менің өмірім әрі ерін де өзімдікі»,-дейді Алия.

ерін5

Жалғызбасты ананың екі жасар ұлы бар. Ол өзін « Мен жақсы анамын. Мен ота үшін көп қаржы салғанымды білемін. Бірақ, сол үшін мені әңгімелеу артық. Мен бірінші болып қолымдағы барымды ұлыма беруге тырысамын. Мен сол ұлым үшін өмір сүремін»,-дейді әйел.

ерін4

29 жасқа толған туған күнінде Алия өзіне ерекше сый жасап, батылдығын жинауға шешім қабылдапты. Осылайша бірден  пластикалық ота жасайтын орталық мамандарымен ақылдасқан.

ерін3

«Мен бұрындары жіңішке ернім үшін қатты ұялатынмын. Желідегі қыздардың суретіне қарап қызығумен болдым. Ерніме бірінші рет ота жасағаннан кейін көптеген жігіттер менімен танысқылары келетіндерін айтты. Бірақ алғашқы отаның нәтижесіне өзімнің көңілім толмады. Сондықтан да әлі күнге ернімді үлкейтумен айналысып жүрмін»,-дейді Алия.

ерін1

«Қазір менің желідегі парақшама жазылушылар қатары көбейген. Көптеген адамдар менің ернім әдемі екенін айтады. Әрі бұдан да үлкейтуімді қалайтындар жетерлік»,-дейді  екі жасар баланың анасы.

ерін2

 

 

Талқылау