Ерні жырылып, тісі сынған: Көкшетаулық әйел 8 жасар баласын сабады деп айыпталды

Көкшетау қаласының тұрғыны Сәния Ахметжанова 8 жасар баласын көкала қойдай етіп сабап күн көрсетпеген. 3-ші сынып оқушысы анасынан көрген бұл қорлығын ешкімге тіс жарып айтпаған. Тумысынан мүгедек болып өскен балаға дәрігерлер 16 жасқа дейін мүгедектік тағайындапты. Ювеналдық  полиция  қазір бұл істі тергеп-тексеріп жатыр деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Ерні жырылып, тісі сынған: Көкшетаулық әйел 8 жасар баласын сабады деп айыпталды

Күнделікті сабағынан қалмай, мұғалімдері берген тапсырмаларды қалдырмай орындап жүрген баланың бетіндегі көгерген жерлеріне ұстаздары алғашында мән бермеген. Ойын баласында кездесетін жағдай деп ойлапты. Ал баланың ерні жырылып, соққы кезінде сынған тісінен дұрыс сөйлей алмай тұрғанын көрген сынып жетекшісі, баланың жағдайына бірден назар аударған. Сөйтіп, дабыл қағуына тура келген.

«Осыны көре тұра үнсіз қала алмадым. Мектеп инспекторы мен мейірбекеге апарып денесін көргенде шошып кеттік. Сау жері жоқ әбден көгерген. Алғашқыда бала құлап қалдым деді. Кейіннен анасының ұрғанын айтты. Масқара ғой, балақайдың денесінде жазылып келе жатқан бұрынғы жарақат іздері де бар»,- сынып жетекшісі Сара Мейрамова.

Ерні жырылып, тісі сынған: Көкшетаулық әйел 8 жасар баласын сабады деп айыпталды

Мына  сұмдықтан кейін Ювеналдық полиция тексергенде бұған дейін де балаға анасының талай қол көтергенін анықтаған. Осы жағдайға байланысты арнайы комиссия құрылып, баланы анасынан тартып алу жөнінде шешімге келген. Алайда төрт баланың анасы бұндай шешімге үзілді кесілді қарсы.

«Мені өлтіріп қана балаларымды ала алады. Бермеймін ешкімге! Ұлым мынау керуеттен құлаған. Бір рет тіл алмағанда ұрдым. Әйтпесе, ұрмаймын. Балаларым қаңғырып көшеде қайыр сұрап жүрген жоқ. Нанымыз болмай қалса да, өзіміз тауып жейміз. Ешкімнен ештеңе сұрап жатқаным жоқ»,-  деп ақталды Көкшетау қаласының тұрғыны Сәния Ахметжанова.

Ерні жырылып, тісі сынған: Көкшетаулық әйел 8 жасар баласын сабады деп айыпталды

Сәнияның өзі балабақшада аспаз болып істеген. Қазір үйінде 2 жасар мүгедек ұлына қарап отыр. Полиция бұл әйелге қатысты «кәмелетке жасы толмағанды ұрып-соғу»  бабымен қылмыстық іс қозғаған. 4 балалы әйелдің кінәсі дәлелденсе, 3 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр