Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Отандық әншілер әуенді қойып енді клиптерді көшіріп түсіре бастады

Әнші Ернар Айдардың «Сен маған ұнадың» әніне түсірілген бейнебаянның желісі тура Доминик Джокердің «Такая одна» клипі аумайды. Тіпті сюжет 100 пайыз дәлме-дәл десе де болғандай.  НТК телеарнасындағы «Ревю» бағдарламасындағы сюжет барысында екі әншінің бейнебаяндары салыстырылады.

Ernar

Доминик Джокердің бейнебаянында да оқиға әуежайдан бастау алып, әрі қарай екі жас қонақүйге кетеді. Бас кейіпкер жігіт такси жүргізушісі, одан соң қонақүй қызметкері рөлін ойнап қыздың көңілін табу үшін тырысады. Ернар Айдар да дәл сол персонажды сомдап шығыпты.

«Интернеттен клиптер көре бастадым. Сөйтіп, Доминик Джокердің жаңа клипіне кезігіп қалдым. Қарасам, сюжеті өте әдемі, бірақ, Доминиктің әніне келіспей тұр екен. Сосын монтаж үстелінде аталмыш сюжетті Ернардың әніне қойып көріп едім. Үйлесе кетті. Содан соң сюжет желісін сол жерден алдымғһ», – дейді клип режиссері Жандос Еспенбетов.

Клип сюжетінің Доминиктің клипінен алынатыны жайлы режиссер, Ернар Айдарды да, оның продюсерін де хабардар еткен.

«Ол сюжетті де Доминик ойлап тапқан жоқ. Қыздың назарын аудару үшін түсіріліп жатқан қазақстандық бейнебаяндар да көп дейді», – клипмейкер.

Бұл екі клипте отандық арналардан көрсетіліп жатыр.  Дегенмен, ресейлік әнші бұған қатысты әлі тісжарып пікір білдірген жоқ.

Ернар Айдар – “Сен маған ұнадың” 

Доминик Джокер – “Одна такая”

 

Талқылау