Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ернар Айдар жұбайымен қалай танысқанын айтып берді

Екі жастың таныстығы Ернардың ән кешінде орын алған. Алайда ел ойлағандай, Мәдина Ернар Айдардың фанаты болмай шықты. Бұл ретте Ернар Айдар өзінің жүрегін жаулаған арумен қалай танысқанын әңгімелеп берді.

Бұл туралы “Хабар” арнасының “Тікелей эфир” бағдарламасында айтылды, деп жазады Stan.kz.

“Әйеліммен 1,5 жыл бұрын таныстым. Ол бір қызық оқиға болды. Барлығын айтып отырсам, қазір уақыт жетпейді ғой. Содан мен қай жақтан екенін де білмеймін, гастрөлмен жүреміз, хабарласуға уақыт та болмайды. Өзі Тараздың қызы, үйі де біздің үйге жақын екен. Бәрі әдемі боп шықты. Келісіп, сценарий бойынша болғандай… Оны 1,5 жыл бұрын танысқанымызды да кейіннен кездескенде өзі суретті көрсетті. Менің есімде де жоқ ол. Сол ән кешінде таныстық. Олар менің фанатым десем бола ма екен, мені менсінбейді-ау. Концерттен шыққаннан кейін құрбысы екеуі кетіп бара жатыр екен, суретке түсті, мен көріп қалып досыма айттым. Сөйтіп танысып кеттік”, – дейді Ернар.

Иә, бұл таныстықтың соңы үлкен тойға, ал той көкпарға ұласты.

“Кенже баласы болғаннан кейін әкем дәстүрді ұстанып, Жамбыл облысының, Амангелді ауылында дүбірлі көкпар берді. Тойды көре алмаған, келе алмаған халық сонда келді. Көлік емес, ақшалай сыйлық тігілді. Жалпы 1,5 миллион ақша кетті”, – деп әңгімеледі Талғат Айдар.

Жіберіп алмаңыз:

Ернар Айдар келіншегін жасыруының себебін ашып айтты

Төреғалидің жары Толқын өзі, отбасы жайлы бар шындықты ашып айтты

Ерке Есмахан “Қайда?” клипінің жалғасын түсірді

Ернар әріптестерінен қалмай, әйелі жайлы толық ақпаратты өзі берді (видео)

Үйлену тойында жарына арнап ән айтқан Төреғали дүйім жұртты сүйсіндірді (видео)

Талқылау