Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ернар Айдар Тараз базарында бірге жұмыс істеген қызды әуеде кездестірді

Бүгінде шоу-бизнестегі ең танымал хитмендердің қатарына кірген Ернар Айдар кезінде базарда жұмыс істеген. Талай қиындықты бастан кешкен әнші ол күндерін ұмытқан емес. Еңбек пен ақшаның қадірін жастай түйсінген Ернар сондықтын да қарапайымдылық пен кішіпейілділікті жанына ту еткен, деп жазады Stan.kz тілшісі.

Ернар Айдар Тараз базарында бірге жұмыс істеген қызды әуеде кездестірді

Халық қашанда өнер иесінің әр әрекетіне тамсанып, жылы лебіздерін білдіруден шаршамайды.

Бірер күн бұрын әнші бастан өткен кезекті оқиғасымен бөлісті. Әнші кезекті сапары барысында әуе жолынан бір кездері Тараз базарында жұмыс істеген қызды кездестіріпті. Әншінің халын сұрап, жерлесі екенін айтқан бойжеткен өзін таныстырғаннан кейін әлгіндегі “Көк базар” жайлы айтқан. Сол сәтте үнсіз қалған Ернар өткенін еске алған-ды.

“Үнсіздік. Іштей көңіл кітабын парақтап жатырмын. Ол күндер ұмытылмайды сірә. Алға талпынтатын қара күш, адал еңбек. Осылай іштегі Ернармен тілдесіп кетіппін.

Жылы шыраймен:

Жарайсың! Адал еңбегің сені көктегі жолаушыларға серік етіпті. Армандарың орындала берсін!-деп естелікке суретке түстік.

Әрбіріміздің осы күнге жеткенге дейін көрген қиындығымыз бар. Бірақ жігері жасымаған, мақсатына жетеді.
Айтқандай Тараздағы ол “Көк” базар қазір жоқ”, – дейді Ернар Айдар.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау