Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ернар Айдар мен Әбдіжаппар Әлқожа өзге ұлттың әніне таласып жүр ме?

Таяуда әнші Әбдіжаппар Әлқожа кезекті рет шетелдің әнін алып, оған қазақша сөз жаздырып, елге ұсынған еді. Әзербайжан халқынан алынған туынды “Кешірім жоқ” деп аталады. Алайда дәл осы әнді осыдан бір жыл бұрын Ернар Айдар орындаған еді. Бұл ретте Ернар әріптесінің өз репертуарындағы әнді орындауына қатысты пікір білдірді.

әбдіжаппар әлқожа-ернар айдар

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

“Мен айтар едім, екі қазақтың баласы басқа ұлттың әніне таласып жүр деген ұят нәрсе. Ешқандай назым да жоқ. Әркімнің өзінің тыңдарманы бар, біреуді кемсітпеймін. Шоу-бизнесте жүйкеге тию жағынан басқа біреулер де жетіп жатыр. Ал бірақ Әбдіжаппар өзімнің бауырым. Жақсы шығып келе жатыр, әндері де мықты. Еңбектеніп келеді. Өзін сахнада ұстауын да өзгертіп… Қарап отырамын, қазақ елінде еңбектеніп жүрген бауырларыма мен жанашырмын. Бірақ бір ауыз: – Ереке, мен де орындасам, – деп сұрай салса… Керек болса менің барлық әнімді орындасын, қызғанышым жоқ я бір іштарлығым жоқ. Жігіттер бір-бірімізді құрметтеп, сыйласақ, біз мықты болатын сияқтымыз. Сол сияқты өнер жолында жүргенде бір-бірімізге құрмет-сыйымыз болу керек. Ренішім жоқ, бұл реніш деп ойламаңыздар”, – деді Ернар Айдар.

Иә, әнші осылай дегенімен, өнердегі әріптесіне аздаған реніші бар екенін бәрібір білдіртіп қойды. Бұл орайда шоу-бизнестегі әріптестері кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс екенін ажыратып берді.

“Бұл жерде бірінші шығарған автордан сұрау керек. Кішкене қазақилыққа салынып жатыр. Өзімізде де жақсы авторлар бар. Басқа жақтың әнімен келіп, қазақты таңғалдырады деп айта алмаймын”, – дейді Мақсат Базарбаев.

“Өзіммен қатар жүрген әншілер әлі айтпапты. Дәл біздің ортамызда ондай жоқ сияқты. Мысалы, маған Ақбота Керімбекованың әнін айт десе, мен айтпас едім. Өйткені мен Ақботадан ол әнді асырып айтпағаннан кейін, маған оның керегі жоқ. Мүмкін Әбдіжаппар Ернардың айтқанын естімей қалған шығар. Естісе, дұрыс емес”, – деп пікір білдірді Жазира Байырбекова.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау