Ернар Айдар әріптесі Димаш Құдайбергеннің қайтыс болғаны туралы оқығанда өзіне сене алмағанын айтты

Бүгінде әлеуметтік желілерді отандық жұлдыздар туралы көптеген қауесет өріп жүр. Олардың ішінде ойдан құралған өтірігі де бар. Өздері туралы жалған ақпарат таратып жүргендерді «түсіне алмаймыз» деген жұлдыздар бұл мәселе тұрғысындағы көзқарастарын айтты.

Ернар Айдар

Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Осыдан бірер ай бұрын желіде әйгілі әнші Димаш Құдайбергеннің қайтыс болғаны туралы мәлімет тараған еді. Артынша әнші желідегі парақшасында аман-саулығы туралы жазып, аталған мәліметті жоққа шығарды.

Ал бұл туралы естіген әнші Ернар Айдар бастапқыда өз көзіне сене алмағанын айтады.

«Құдай сақтасын. Тіл көзден сақтасын. Үміт артып отырған, сондай жігітіміз. Адамның жүрегі кішкене қамығып қалады», – дейді Ернар Айдар.

Әншінің пікірінше, мұндай әрекеттерге баратын адамдар әлеуметтік желіде өз парақшасындағы оқырман санын арттыруды мақсат етеді. Ернардың өзі де жалған ақпарат таратушылардың құрбаны болғанын жасырмады.

«Ернар Айдар жол апатынан қайтыс болды немесе басқа нәрсе жазады. Бір жабық парақшаларды қойып қояды, соған адам жинау жағы ма деп білемін. Не де болса, жалған ақпарат деген жалған ақпарат қой», -дейді әнші.

Екі жыл бұрын халық әртісі Роза Рымбаеваның жол апатынан қаза тапқаны туралы қауесет тараған-ды. Әншінің өзі жалған ақпарат таратқандарды іздегенімен, қолға түсіре алмағана. Алайда, олармен соттасудың қажеті жоқ, дейді халық әртісі.

«Маған досым хабарлады. «Осылай сен туралы ақпарат тарап жатыр», – деді. «Сол жіберген адамдардан сұраңыздар», – дедім. Неге өтірік айтады?», – дейді Роза Рымбаева.

Ал жалған ақпарат таратушылармен өздігімен күресіп жүрген Айнұр Тұрсынбаева желідегі парақшасынан мәлімет, сурет алуға тыйым салып, заңмен қорғалатынын ескерткен. Десе де әнші адамның тағдырыны ойыншық қылғанмен, сұрауы ауыр екенін айтуда.

«Мен ойлаймын адамның тағдырымен ойнауға болады. Бірақ, Алламен ойнауға болмайды. Өйткені, біреудің тағдырынан үлкен шум жасап, өзінің рейтингісін көтеру өзінің болашағына, бала-шағасына ауыр тиетін нәрсе ғой», – дейді айтыскер.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
20.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар