Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ернар Айдар 10-сынып оқушысын клипке түсірді

Еліміздегі танымал хитмендердің бірі Ернар Айдар шығармашылығына белсене кірісті. Ол “Жарығым-ай” атты әніне жаңа бейнебаян түсіруді қолға алған. Иә, расында да Ернар өзінің “төлқұжатына” айналған әнге екінші мәрте бейнебаян таспаламақ ниетте. Бір қызығы, екінші бейнебаянның локациясы да, сюжеті де алдыңғысына өте ұқсас.

Ернар Айдар 10-сынып оқушысын клипке түсірді

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

“Бұл бейнебаянға араласқан жоқпын. Талғат ағамның өзі ойластырды. Расында да мына локация 6 жыл бұрынғы “Жарығым-ай”-ды еске салып отыр. Ол кезде де дәл осындай жарық болған еді. Жігіттер де осылай жүрген”, – дейді Ернар.

Әнші бейнебаянның жұмысын толықтай продюсер ағасына сеніп тапсырған. Себебі оның білімі де, тәжірибесі де көп дейді. – Ал мен қателісіп кетуім мүмкін, – деп ағынан жарылды әнші.

Атап өтетін жайт, аталған клипте Ернардың ғашығын мектеп оқушысы сомдайды.

“Тараз қаласында тұрамын. Керімбай атындағы №12 гимназияда оқимын. 10-сынып оқушысымын. Ата-анам қарсы болған жоқ, жіберді. Бейнебаянға шақырып жатыр деп анама айттым. Анам әкеммен ақылдасып, келіп отырмын”, – дейді Әлия Бауыржан есімді бойжеткен.

12-ден бір гүлі ашылмаған ару аңғалдығымен клипке түскені үшін қанша ақы алғанын да айтып қойды.
“100 доллар деп келістік. Өзі ұсынған баға, мен келістім. Бұл менің бірінші тапқан табысым”, – дейді Әлия.
Бойжеткен түсірілім барысынды өзінен жасы үлкен әншімен махаббат сахнасын ойнау қиынға соққанын айтады.

“Басында ыңғайсыз болып жатыр. Бірақ үйреніп кетемін деп ойлаймын. Барынша өзіңді еркін ұстау керек. Көзіне тік қарап тұрып, ондай сахналарда ойнаған ыңғайсыздау екен. Үйреніп кететін шығармын”, – дейді оқушы қыз.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау