Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ермегияевқа түрмеде шалқып өмір сүруге жағдай жасаған колония басшылары өздері сотталып кетті

Астанада сотталған EXPO ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ермегияевқа түрмеде барлық қолайлы жағдайды жасап берген колония басшылары өздері сотталып кетті. Тұтқынға тым жылы шырайлы көзқарас танытқан 166/10 түзету мекемесінің бұрынғы бастығы Нұрлан Әбен 3 жылға, ал оның орынбасары болған Талғат Мусин алдағы 2 жылын темір тордың ар жағында өткізетін болды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Ермегияевқа түрмеде шалқып өмір сүруге жағдай жасаған колония басшылары өздері сотталып кетті

EXPO ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ермегияевқа түрмеде жеке бөлме беріп, телефонды еркін қолданып, сондай-ақ алкогольді ішімдік ішуіне рұқсат берген, тіпті жеке аспазшы жалдағанына көз жұмса қараған колония басшылары енді өздері түрмеге жабылды.

Бірнеше рет пара алғаны үшін 14 жылға бас бостандығынан айырылған Ермегияв түрме басшыларының арқасында емін-еркін шалқып өмір сүрді. Сондай-ақ, оның колония ішінде жүріп тағы қандай тәртіп бұзғаны анықталды. «Экспо-2017» ұлттық компаниясының экс-төрағасы, жеке аспазшы жалдап, телефон ұстап қана қоймай, ресми әйелімен де және азаматтық некедегі жарымен де емін-еркін көрісіп тұрған. Оған қоса сотталушының заттарды бөлшектеп қораптайтын цехтың ішін жөндетіп, оны өзінің жеке пәтеріне айналдырғаны расталды.

Судьяның айтуынша, сотталған Ермегияевқа түрмеде уайымсыз өмір сүруге барлық қолайлы жағдай жасалған. Оның жеке бөлмесінде жаңа үлгідегі плазмалық теледидар, кондиционер, тоңазытқыш, тіпті wi-fi роутер болған. Түрмені жеке меншік пәтеріне айналдырған Ермегияевтың көңілін көтеру үшін арасында жеңіл жүрісті қыздар да келіп тұрыпты. Жазасын өтеу үшін түрмеге жабылған EXPO ұлттық компаниясының бұрынғы басшысын басқа емес, 166/10 түзету мекемесінің бұрынғы басшысы Нұрлан Әбен мен оның орынбасары болған Талғат Мусин  тайдаңдатып қойған. Енді, тұтқынды тайраңдатқан түрме басшылары қызмет бабын асыра пайдаланғандары үшін өздері түрмеге жабылмақ.

Бүгінгі сот үкімі бойынша Нұрлан Әбен Сапарұлы 3 жылға, ал оның орынбасары Талғат Мусин Оразақұлы 2 жылға сотталды. Сонымен қатар, олар полковник және мойор шендерінен айырылып, дүние мүліктері тәркіленеді.

Айта кетейік, бұған дейін Ермегияевтың экс-прокурордың арқасында түрмеде шалқып өмір сүргені жайлы хабарлаған болатынбыз. 

 Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Талқылау