Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерлікпен қаза тапқан Құмарбек Жәкетайұлына «Батыл жүрек» сыйлығы беріледі

Автокөлік жүргізушілерін құтқарамын деп ерлікпен қаза тапқан Құмарбек Жәкетайұлының отбасына «Батыл жүрек» сыйлығы табысталатын болды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

20161210170129

«Марапат «Халықтың сүйіктісі» ұлттық сыйлығы аясында беріледі. Мұндай шешімді ұйымдастырушылар мен әділ-қазылар алқасы шығарды», – деп жазды өзінің Facebook-тегі парақшасында ұйымдастырушылардың бірі Ғалым Байтук.

Айта кетейік, 4 желтоқсан күні Астана-Бурабай тасжолында жантүршігерлік жол апаты орын алды. Жол апаты төрт адамның өмірін жалмады. Куәгерлердің сөзіне сүйенсек, Құмарбек Жәкетайұлы үш жасар баланы құтқарып қалған. Автобуспен соқтығысуына бірнеше секунд қалғанда ол баланы автокөліктен шығарып алыпты. Артынша тағы бір қызды құтқармақ болғанымен үлгермеген.

«Қылмыстық істі тергеу амалдары мен болған оқиғаның мән-жайы анықталған соң өте қиын жағдайда адамдардың өмірін алып қалуға деген ұмтылысы үшін марқұм Құмарбек Жәкетайұлын наградаға ұсыну мәселесі шешілетін болады», – дейді Ақмола облысы ІІД-нің баспасөз хатшысы Гүлнар Пинчук.

Жіберіп алмаңыз:

Қызылордада жоғалып кеткен геолог аман-сау табылды

Қарағандыда жойқын жарылыс жасауды жоспарлаған радикалдар сотталды

Ақтөбеде мұнай ұрлығына қатысты атышулы іс бойынша алғашқы қамаулар басталды

Қарағандыда қатты желге төтеп бере алмаған аялдама ұшып кетті

Талқылау