Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерлі-зайыптылар балалары жоқ болғандықтан өздерінің жерлеу рәсімін тірі кезде өздері жасады

Боснияда отбасылық жұп алдын ала өздерінің жерлеу рәсімін ұйымдастырып, оған өздері қатысты. Бұл туралы   Associated Press хабарлады.

зират

Бұл туралы Қазақпарат жазды.

61 жастағы  Драган мен 65 жастағы Драгица Марич түсіндіргендей,  өздерін жерлейтін балалары болмағандықтан, оны өздері ұйымдастырмақшы болып шешкен.  Бір жағынан ас беру рәсімінде олар достарын, туыстарын көріп, арқа-жарқа болып қалды.     Поездина ауылындағы зиратта өткен   рәсімге барлығы  200-дей адам келген.

Жерлеу рәсімінде Драган ұзақ жылдар әйелімен бақытты өмір кешкенін айтты, одан кейін жиналған жұрт жақын жердегі мейрамханаға барып, түні бойы ән айтып, би билеп, көңіл көтерді.

Талқылау