Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Нұрмышева үшінші ұлын дүниеге әкелді (видео)

Қазақ эстрадасындағы жарасымды жұптың бірі Ерлан Орынбасаров пен Баян Нұрмышева екінші рет сәбилі болды. Гитарамен ән салып, талай құлақтың құрышын қандырған Баян ұл босанды.

17881323_283106028809756_6591152225140080640_n

Қуанышты жаңалығымен әке атанған Ерлан Орынбасаровтың өзі бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz.

“Алла Тағалама сансыз мадақ болсын! Анашым сүйінші, бұл жолы қалжыңсыз! Құрметті ағайын-бауырлар! Сүйінші! Алла Тағаламның қалауымен, қасиетті жұма күні, Баяшам ұл сыйлады, тағы ұлды болдым”, – деп жазды Орынбасаров.

Ерланның “бұл жолы қалжыңсыз” деген сөзінің астары мынада. Бірнеше күн бұрын әнші анасына қоңырау шалып, жарының босанғанын айтып қалжыңдаған еді. Видеоны тамашалаған желі оқырмандарының күлкіге қарық болған жайы бар.

Айта кетейік, Ерлан мен Баянның Назарали атты ұлы бар. Одан бөлек, Баян Нұрмышеваның алғашқы некесінен туған ұлы Ілияс жұлдызды жұптың тәрбиесінде.

Жіберіп алмаңыз:

Роза Рымбаева ұлы Әлидің үйленгенін жоққа шығарды

Жорабаев келіншегі мен ұлын перзентханадан өзіне әпкесі сыйлаған көлікпен шығарып алды (фото,видео)

Димаштың концертіне 50 елдің басын біріктіретін фан ұйым келген

Түркияның ең танымал актері Бурак Озчивит отбасын құрды (фото, видео)

Димаштың “Бастау” шоуындағы костюмдері неге қара түсті?

 

Талқылау