Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерлан Орынбасаров: Халық “Баян тірі, үлкен гитара тауып алды” деп жүр

Ерлан Орынбасаров пен Баян Нұрмышева шығармашылықтарындағы жаңалықтарын бөлісті. Мұнымен қатар, жұлдызды жұп екінші перзенттерінің дүниеге келуін асыға күтіп жүр екен.

17494815_285669408528113_8653598608760766464_n

Бұл туралы «Таңшолпан» бағдарламасында айтылды.

– Сұхбаттарыңыздың барлығында ашылуды жөн көресіздер. Осы қасиеттің пайдасы мол ма? Әлде зиянын көретін кездеріңіз де бола ма?

– Халықтың ұл-қызы болғандықтан, оларға етене жақын болуымыз керек. Бізді алақандарында аялап, өздерінің туған ұлы мен қызындай көріп отырған – өзіміздің қазағымыз. Сол себепті, ашықтығымыздың зияны көп тиеді деп айта алмаймын. 95-98℅ жағдайда тыңдармандарымыз бізге бақыт тілеп, қолдап отырады.

– Отбасылық өмірдегі жаңалықтарыңызды бөлісе отырсаңыздар…

– Жасырып қалуға тырыссақ та, көзге көрініп қала береді. (Күлді.) Халық соңғы кезде «Баян гитарасын тастап кетті. Оны тірі, үлкен гитарамен алмастырыпты» деп жиі айтып жүр. Соны ескере отырып, жақында Баянның жеке үнтаспасын шығарамыз. Ішінде гитарамен орындаған халық әндері бар. Арасында халық композиторлерінің де әндері кездеседі. Одан кейінгі үнтаспаларда эстрадалық әндер мен Баян екеуіміздің дуэттеріміз бар.

– Бір сұхбаттарыңызда ұлдарыңызды өнерге баулуға қарсы емес екендеріңізді айтқан екенсіздер. Ұлдарыңыз қазір қалай өсіп жатыр?

– Барған жерімізде Назарәлі туралы жиі сұрайды. Атына заты сай азамат болып өсіп келе жатыр. Оны барлығы «Инстаграмның жұлдызы» ретінде таниды. Балам қай салаға баратынын өзі таңдайды. Меніңше, ата-ана баласына тек демеуші болуы тиіс. Біздің заманымызда ата-анамыздың айтқанымен ғана жүрдік.

– Қаншалықты жиі концерт беріп жүрсіздер?

– Қазір Баянның жағдайына байланысты біздің гәстрөлдік сапарларымыз тоқтап тұр. Алла қаласа, Баян күтініп, жақсылап есін жиған соң ары қарай жалғастырамыз деп ойлаймын. Осы күнге дейін 40 шақты концерт берген екенбіз.


Жіберіп алмаңыз:

Сейфуллин Жолбарыс: Жарым орыс болғанымен, қарапайым ауылдың қызы

Мені Димаш Құдайберген еткен қазақ халқына мың алғыс (фото, видео)

Димашқа астаналық жанкүйерлері ерекше құрмет көрсетті (фото, видео)

Анасы: Димашты “мен таптым” деп мақтануға қазағымнан қорқамын

 

Талқылау