Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерлан Орынбасаров арықтау үшін қыздармен қосылып билеп жүр (видео)

Күні кеше Ерлан Орынбасаров жұбайының семіріп кетесің деп тамақ бермей қойғаны туралы айтқан болатын. Енді міне сүйіктісінің сөзін жерге тастамай бойжеткендер арасында би билеп жүр.

u8ZytKt_d-g

Фото: instagram.com/orynbassarov_official/

Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.

Әнші Баян Нұрмышева мен әріптесі әрі продюсері Ерлан Орынбасаров көп уақытқа дейін өздерінің қарым-қатынасын жасырып келген. Қазір бір ұл тәрбиелеп, бақытты ғұмыр кешіп жатқан ғашықтардың өмірі түрлі оқиғаға толы. Бірде үйлеріне ұры түсіп, тонап кеткенін де сезбей қалған көрінеді.

Бұл жолы Орынбасаровтың қалай арықтап жүргенін Баян Нұрмышева баяндап берді. Мұнымен қатар, билеп жатқан сәті түсірілген видео ұсынды.

“Достар, би студиосына барып, бір шынығып, бір көңіл көтеріліп қалды. Менің қонжығым би билеп жүр. Назым, сізге рахмет”, – деп Баян Нұрмышева биден сабақ берген ұстаздарына алғыс айтты.

Видеоны көрген желі қолданушылары күлкіге қарқ болып, түрлі пікір білдірді.

Олар “Ерлан, күшті билейді екен”, “Қонжығыңыз аю секілді билейді екен”, “Қонжығыңыз биді қатырады екен”, “Аузы салпиып қонжығыңыз күшті билейді. Бақытты болыңыздар” деп күлкілерін тыя алмағанын айтып жатыр.

Осы уақытқа дейін әнші аз уақыт ішінде 10 кг артық салмақтан арылғанын айтып мақтанған-ды. Ол салмағының 80 кг болғанын қалайды екен. Ал, әзірге әншінің қанша салмақ тастағаны белгісіз.


Оқи отырыңыз:

Жолдасы Баян Нұрмышеваның өзіне тамақ бермей қойғанын айтты

Қазақ эстрадасында диета ұстайтын жұлдыздар кімдер?

Отандық әншілер сахнада сымбатты көрінудің құпиясымен бөлісті

Жанар Айжанова 15 жыл құпия ұстаған сұлулық сырымен бөлісті

Талқылау