Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерлан Қарин Назарбаевтың хитке айналған суреті басылған жейде киіп алды

Қазақстандық саясаттанушы Ерлан Қарин желіні шулатқан Назарбаевтың суреті басылған жейдені киіп алды.

“Қазақстан” ұлттық корпорациясының басшысы армян фотографы Давид Акопян түсірген суретті жейдесінің кеудесіне басып алған. Ақ-қара түспен бейнеленген президенттің суретіне Қарин Wise Power хештегін жазған. Ол сөз аударғанда “парасатты күш” деген мағынаны береді.

“Әлемдік саясатта жұмсақ күш, ақылды күш деген ұғымдар бар, ал Ерлан Қарин парасатты күшті ойлап тауыпты”, – деп жазады блогер Самат Нұртаза.

Давид Акопян Нұрсұлтан Назарбаевтың суретін 11 қазан күні парақшасында жариялаған. Фото Сочиде өтіп жатқан ТМД елдерінің саммитінде түсірілген.

Қариннің президенттің суретін жейдесіне басып алған бастамасын өзге қазақстандықтар да жалғап әкетуге ниет білдіруде. Еске салсақ, осыған дейін саммитте түсірілген Назарбаевтың суреті қазақстандықтарды тәнті еткен еді.

«Мен бұл суретті Нұрсұлтан Назарбаевқа сыйға тартқым келеді», – деп мәлімдеді Армения президентінің жеке фотографы. Давид Акопян таяуда болатын іс-шараға өз елінің президентімен барған кезде бұл туындысын сыйға тартпақшы.

Тағы да оқыңыз:

Путин мен Назарбаев Қазақстанды ғарыш державасына айналдырмақ

ҚР президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды

Алмазбек Атамбаев Назарбаев қатысатын саммитке барудан бас тартты

Мұхтар Алтынбаевтың ұлы қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды

Талқылау