Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еркіндігі шектелген Еркіндік тұрғындарының бүгінгі жағдайы (видео)

Бес тұрғыны жұқпалы аурулар ауруханасына түсіп, екеуі қаза тапқан Қарағанды облысы, Еркіндік ауылына карантин жарияланды. Мамандар алдын алу шараларын жүргізуге де кірісіпті. Өйткені, сиыр етін сараптамадан өткізген зерттеушілер «Сібір жарасы» кеселін анықтап отыр.

карагандаааа

Жеті тұрғыны  аса қауіпті дерт жұқтырған ауылдың  бүгінгі жағдайын STAN.KZ  сайтының өңірдегі тілшісі көріп қайтқан еді.

Сойылған ірі қараның ішек қарнын ашып, қолы мен денесі бөртіп, артынша қаза тапқан 33-жастағы келіншектің әкесі Сағынтай Бейсенбаев ағайынның жұбатуын Еркіндік ауылының кіреберісінде қабылдап тұрды.

Еңіреген ана да, қайғыдан қан жұтқан ауылдаста топыраққа бата құран оқып, дұға бағыштап жатты. Өйткені, кешеден бері карантинге жабылған ауылға ешкімді кіргізбей, зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ірі қарадан Сібір жарасы ауруын анықтаған мамандар сол етке қатысы бар кісілерге ем-дом жасап жүр.

«Менің қызым қайтыс болды. Өз балам. Бізге күніне екі реттен дәрі беріп жатыр. Бірақ ауылдың басқа тұрғындары үшін алаңдаймын. Оларда ауруды жұқтырса қайтеміз», – дейді марқұмның әкесі Сағынтай Бейсенбаев.

карантин

Ал, ауылдағы жағдай бір қалыпта, сол жеті кісіден соң ешкім кеселді жұқтырмады деген шенділер Еркіндікке жеткізілген дәрі-дірмек пен малға егілген екпе туралы еш жақ ашпады. Ол жөнінде облыс әкімдігі жауап береді екен.

Шамамен 700-800 тұрғыны бар ауыл жұрты кесел бар халыққа тарайма деп қорқады. Себебі, ауылдықтар тұтас ауылға дәрі келмеді дейді. Сондықтан да, үрейлері басым. Ал, жұқтырған кісілер мен марқұмның көршілеріне дәрігерлер күніне екі рет екі данадан дәрі беріп жүр.

Талқылау